8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2019 2159 0
Мәслихат жаршысы

ТОҚАЕВҚА ТОҚТАМ ЖАСАЙЫҚ!

            «Баршамыздың мақсатымыз ортақ, жоспарымыз жүйелі. Ол үміткеріміз ұсынған үштаған Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу!». Осылай деп азаматтық ұстанымын танытқан, мүдделес жандар бүгін бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының үлкен залында ҚР Президенттігіне кандидат  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдаушылар форумында бас қосты. Шараға еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, жасотандықтар, жалпы кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің жақтастары жиналды.

Форумда алғашқы болып сөз алған Переметный жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мәлік Өтешев: – Еліміздің қазіргі өркендеген мемлекетке айналуы, сөз жоқ Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тығыз байланысты. Әрине, сонау 90-шы жылдары одақ ажыраған кезде елдің абдырағаны рас. Осы кезде Қазақстан халқы бір кісідей қуаттап, қолдап ел билігін Нұр ағамызға тапсырды. Халықтың таңдауы әділ болды. Сол кезде Тұңғыш Президентіміз алдымызда даңғыл жол болмаса да, сара жолды таңдай білді. Сол нұрлы жолдың арқасында, міне біз қазақстандықтар кемелденген, төрткүл дүниеге танымал мемлекетке айналдық. Қиын кезеңде Елбасымызбен бірге болған, еліміздің тұғырлы болуына атсалысқан, үзеңгілесі Қ.Кемелұлы болды. Елбасымыз 19 наурызда билікті  тапсырғанда абдырағанымыз рас. Бірақ, түсіністікпен қарадық. Елбасы ұлы саясаткер екенін танытты. Әрине, билік ауысты. Ол өмір заңы, уақыт талабы. Бірақ біз үшін бір нәрсе мәңгілік болуы керек. Ол – сабақтастық. Нұрағаңның нұрлы жолы жалғасуы керек, – дей келіп, осы жолды жалғастыратын бірден-бір тұлға Қасым-Жомарт Тоқаев екенін айтты және жерлестерін 9 маусымда жарқын болашақ үшін осы кандидатқа дауыс беруге шақырды. Бұдан соң сөз алған қалалық мәслихат депутаты, «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде кәсіпкерлік кең қанат жайғанын, тек біздің өңіріміздің өзінде шағын және орта бизнестің саны 40 мыңнан асқанын тілге тиек етіп, «Отделстрой» ЖШС ұжымы толықтай «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлына бірауыздан дауыс беретінін қуанышпен жеткізді. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының мүшесі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ұстазы Абат Қыдыршаев: – Ерден ердің несі артық, елім деп емірене халқы үшін жасаған бір ісі артық. Елдің еңсесін биіктетер, айқын ақиқатты сөзі артық. Президенттікке кандидат ретінде тіркелген Қасым-Жомарт Кемелұлы шын мәнінде, елі үшін еңбек ететін ер мінезді тұлға деп есептейміз. Қазақ елі өз Тәуелсіздігінің 28 жылдығында неге қол жеткізді? Біздіңше, қазақ ұлт ретінде еңсесін тіктеді. Өзінің сөзін тура қарап, нық айтатын болды. Өз ісін әлемге үлгі ете бастады. Ең алдымен елдің тыныштығы маңызды. Әлемге назар аударсақ, небір бай елдердің шаңырағы ортасына түсіп, күл талқаны шығып жатыр. Халқы еңіреп, етектері жасқа толып жүр. Бетін әрмен қылсын. Еліміздегі бүгінгідей мамыражай тыныштықты сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген жөн, – деді.

Сондай-ақ жиында сөз алған партия белсендісі Ақмарал Елемесова,  «Квант» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дмитрий Пшеничный әділдікті жақтайтын, еліміздің халықаралық саясатында бірегей тұжырым жасаған, қазақ елін әлемге танытуға септескен Қ.Тоқаевқа тоқтауға үндеді.

Әсіресе, жиында тәуелсіздікпен бірге тәй-тәй басып, егемендікпен бірге есейген жастардың атынан сөз алған Орал қалалық қоғамдық штабының мүшесі Біржан Кухаевтың саяси науқанға жайбарақат қарамауға шақырған жалынды сөзі үзеңгелестеріне үлкен ой салғандай болды. ­– Сайлау сыбысы естілген сәттен-ақ ел тізгінін ұстауға лайықты Ұлт көшбасшыларын, текті тұлғаларымызды түгендеп, Елбасы қай ізбасарын таңдайды екен деп елеңдегеніміз рас. Астындағы тақты емес, басындағы бақты бағалайтын, ел қамын ойлайтын Елбасы тұрақтылық жолынан жаңылған жоқ. Тұңғыш Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынғанда қуандық, қолдадық. Өйткені сабақтастықты сақтаймын, ел үмітін ақтаймын деген ел азаматының еңбек өтілі, жүріп өткен жолы, ортақ кандидатымыздың кемеңгерлігін көрсетіп, мықтылығын мойындатып отыр. Алты үміткерді аластатудан аулақпыз. Алайда саяси бәсекеде біздің кандидатымыздың басқаларынан бәсі биік екенін аңғаруға көз жеткізу қиын емес. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде де, сыртта да танымал саясаткер. «Тілді білу бір басқа, тіл табысу бір басқа деп» ақын Қадыр атамыз айтқандай, әлем елдері бір-бірінен құбылмалы қатынасқа көшкен қазіргідей кезеңде еліміздің ішкі ахуалын бағамдай алатын, сыртқы саясатты бес саусағындай білетін, дипломатиялық қарым-қатынастың қыр-сырына қаныққан азамат Ел басына келуі – өте орынды деп санаймыз, – деген Біржан Амангелдіұлы Елбасы жас буын өкілдеріне әрдайым салмақты сенім артып, қамқорлық танытып келе жатқанын айтып, сондықтан лайықты қайтарым жасау үшін ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуға дайын екендіктерін білдірді.

Бұл күні нұротандықтар «сабақтастық пен әділдікті ту етіп, өрлеу мен өркендеуді мақсат тұтқан, дамудың жаңа кезеңінде осы басымдықтарға табан тіреп, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам басқан Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдаймыз» деп ұрандатып, кандидаттарына дауыс беріп, бірге дұрыс қадам жасауға шақырды.

Форум аясында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жастардың жарқын болашаққа деген сенімін арттырды.

 Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
210 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
247 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
411 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
601 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
843 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
922 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1030 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1038 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1064 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1075 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1182 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1397 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1715 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1597 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1706 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1697 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1827 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1874 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1815 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1826 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»