8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2020 1491 0
Қалалықтар қаперіне

ТІЗІМДЕ ЖОҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БЛОК-БЕКЕТТЕН ӨТЕ АЛМАЙДЫ

Күшейтілген карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты Орал қаласына кіретін жолдарда тоғыз блок-бекет қойылды. Блок-бекеттерден азаматтардың рұқсат құжаттамаларымен өтуін полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және жеке батальон қызметкері қамтамасыз етуде. Блок-бекеттердің барлығына  Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысы қосымшаларымен және Орал қалалық жедел-штабтың хаттамалық шешімдері берілген. Онда рұқсат етілген мекемелердің тізімдері бар.      

Шаһар басшысы Абат Шыныбеков түсіндіріп өткендей, Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілгендей, қала маңындағы елдімекендерде тұратын және қалаға келіп жұмыс жасайтын тұрғындардың, Орал қаласында тұратын, бірақ қала аумағынан тыс елдімекендерде жұмыс жасайтын азаматтардың блок-бекеттен өтуі үшін жұмыс орнынан анықтама-құжат керек. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты мекемелер Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері қаулысының 1-қосымшасына сәйкес қалалық жедел штабтың рұқсатынсыз блок-бекеттен өте алады. Яғни, ауруханалар, емханалар, меншік түріне қарамастан зертханалар, басқа да үйден қызмет көрсететін медициналық ұйымдар, жедел жәрдем, стоматология, емханаларды медициналық тауарлармен қамтамасыз етушілер, ветеринарлық және ауыл шаруашылық қызметтері. Тек олардың сол мекемеде жұмыс жасайтынын растайтын құжаты болуы керек.

Екіншіден, қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтердің  қозғалысына  шектеу жоқ. Нақтырақ айтқанда, энергетикалық компаниялар, газ, су, жылумен қатамасыз етушілер, өрт сөндіру қызметі, көшелер мен ғимараттарды жинақтаушы, тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу ұйымдары, дезинфекция, телекоммуникация мекемелері, жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін компаниялар мен арнайы тіркелген такси қызметі, әуежай, теміржол саласы қызметкерлері, пошта,  әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлері арнаулы рұқсат қағазсыз жұмыс жасай береді.

Өндіріс саласы бойынша – азық-түлікпен қамтамасыз етуші орындар, кондитер, элеватор, набайханалар да жұмыстарын жалғастырады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша  шаруа қожалықтары, серіктестіктердің де жұмысы тоқтатылмайды.

– Қазір егіс және төлдеу науқанының басталуына  байланысты қожалықтарды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін базалар, сауда орындарына жұмыстарын жалғастыруға рұқсат берілді.  Ауыл шаруашылығына қатысты техникаларды, тұқымдарды тасымалдайтын, жанар-жағармай жеткізуші көліктер де блок-бекеттерден өте алады. Тек сол мекемелерге қатысы бар екенін дәлелдейтін құжаттары болуы керек. Яғни, жол жүру жолдама қағазы және жүк жөніндегі құжаты. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуші, медициналық құралдарды, қағаздарды  дайындайтын, санитарлық-гигиеналық өнімдерді шығаратын мекемелер, машина, құрылыс мекемелері, металлургия, жеңіл өнеркәсіп саласындағы қызметтер өз жұмыстарын жалғастырады, – деп түсіндірді Абат Абайұлы.

Барлық азық-түлік дүкендеріне таңғы 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін қызмет жасауға рұқсат берілген. Дәріханалар, жанар-жағармай бекеттері де жұмыстарын жалғастырады. Мейрамхана-кафе, асханалар өз қызметтерін тек тасымалдау арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік тапсырыс немесе жеке құрылыс бойынша жұмыстарын жалғастыратын компаниялардың тізімі жедел штаб отырысында айқындалған. Сонымен қатар жол құрылысы, күрделі немесе ағымдағы жөндеу,  орташа жөндеу,  абаттандырумен айналысатын мекемелер де қала әкімдігі бекіткен тізімге сәйкес жұмыс жасайтын болады.

Бұған дейін банк саласы бөлімшелерін 50 пайызға қысқартқан болатын. Енді оларға  тек сағат 10.00-ден 16.00.-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат беріліп отыр.

БАҚ саласы, қарттар үйі, балалар үйі, тұрғылықты жері жоқ азаматтарға арналған орталық, жануарларға арналған орындар, құрылыс материалдарын дайындайтын, жиһаз жасайтын кәсіпорындар, металлургия саласында дайын өнімді шығарушылар жұмыстарын жалғастырады. Барлық мемлекеттік органдар қысқартылған жұмыс уақытына көшті. Құқық қорғау және арнайы органдар жұмыстарын жалғастырады. Ал күшейтілген карантиндік режимге байланысты жұмыстары тоқтатылған мекемелердің күзетшілеріне жұмыс жасауға рұқсат.

– Бас санитарлық-дәрігердің қаулысына енбеген мекеме-ұйымдар онлайн-режимде қызметтерін жалғастыруы керек. Азаматтардың үйінен жұмысқа, жұмыстан үйге дейін өздерінің жеке көліктерімен жүруіне болады. Тек өздерінің маршруттарын сол жұмыс уақыттары аралығында белгілеуі тиіс. Кешкі уақытта полиция қызметкерлері рейд жүргізеді. Осы орайда тұрғындарымыздың мақсатсыз жүріп-тұруын толықтай шектеуге тура келеді. Індетпен күресте өзімізді оқшаулау, қала аумағында бей-берекет жүруді тоқтату маңызды болып тұр, – деп толықтырды шаһар басшысы.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
186 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
301 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
550 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
815 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1044 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1079 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1233 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1427 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1659 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1746 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1857 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1865 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1897 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1897 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2002 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2223 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»