ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «Тілдің мерейі – елдің мерейі» айдарымен Қазақстан халқының тілдері күніне арналған дәстүрлі қалалық тіл фестивалі өтті. Фестиваль аясында жыл бойы өткізілген шаралар қорытындыланып, Орал қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.

Шара барысында өңірдегі жалпыұлттық бірлік мен ұлысаралық келісімді нығайту және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы ерен еңбектері үшін айтыскер ақын Гүлжайна Бисенғалиева мен «Ағайын» этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Ассамблея жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Болат Сәрсенов «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. Орал қаласы аумағында мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына атсалысып жүрген бірқатар тіл жанашырларына Орал қаласы әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Олардың қатарында Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Серік Мұхамбетәлиев, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Алтынбек Абдулманов, белгілі заңгер Абзал Құспан, «Ақжайық» телеарнасының журналисі Мұнайдар Балмолда, Орал қаласының тұрғыны, қала аумағында өткен «Бірге түзетейік!» шарасына атсалысқан Бекнұр Сражанов, «Телегей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын Нұрлан Сәдір бар.

Р.ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу