«ТЕРГЕУШІНІ ҚАРАЛАП, ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ИМИДЖІНЕ КІР КЕЛТІРДІ»
БҚО Полиция департаменті «abai.kz» сайтында жарияланған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Т.Қатауовтың «Мені Оралдың полицейлері «тонады» атты мақаласын теріске шығарып, істің қалай өрбігенін жария етті.

2019 жылғы 11 ақпанда «abai.kz» сайтында Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Т.Катауовтың полиция қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері туралы «Мені Оралдың полицейлері «тонады» деген атаумен мақаласы жарияланған. Осы мақалада атап көрсетілген факті бойынша БҚО полиция департаменті түсініктеме беріп, Т.Қатауовтың тергеушіні негзісіз қаралағанын мәлімдеді.
«Орал қаласының тұрғыны Талғат Қатауов 2019 жылғы 06 қаңтарда ғаламтордың әлеуметтік желісі арқылы ашық түрдегі жеке парақшасында «Қарағандыдағы қазағымның бас көтеруі халықтың үміт отын жақты» деп ашық хат қалдырған. Осы жазылған ақпаратты әлеуметтік желінің кез келген қолданушысының еркін түрде оқуға мүмкіндігі бар.
Аталған факті бойынша 2019 жылғы 11 қаңтарда Орал қаласының Полиция басқармасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 78-бабы 6-бөлігінің негізінде Талғат Қатауовтан қорғануға құқығы бар куә ретінде жауап алу үшін Орал қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Ардақ Габдуллина оны ішкі істер органдарына жеткізу туралы жеке тапсырма шығарды.
Осы тапсырманың негізінде анықтау органының қызметкері Талғат Қатауовты 2019 жылғы 9 ақпанда Орал қаласындағы теміржол вокзалында тоқтатып, оған құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, қылмыстық іс бойынша қорғануға құқығы бар куә ретінде тергеу іс-әрекетіне қатысу үшін тергеушіге жеткізген.
Сол сәтте Т.Қатауов өзіне тиесілі 2 ұялы телефонын өзімен бірге бір вагонда келген туысқаны Р.Абденовке бергенін полиция қызметкерлері байқап қалған. Сол себепті туысқаны Р.Абденов те Орал қалалық полиция басқармасына жеткізілген.
Тергеуші А.Габдуллина Р.Абденовтен жауап алу кезінде ол 2 ұялы телефон Т.Қатауовқа тиесілі екенін, пойыздан түскеннен кейін бергенін, «кейін аламын» дегенін мәлімдеген.
Тергеуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес Т.Қатауовтың ұялы телефондарын оның туысқаны Р.Абденовтен алған, бұл туралы хаттама толтырған, туысқаны Р.Абденов ақша немесе өзге де құнды заттар болмағанын растап, хаттамаға қол қойған, тергеуші қаулы шығарған. Сондықтан Т.Қатауовтың тергеушіні қаралауын негізсіз деп санаймыз. Бұл ретте тергеушінің әрекеті заңды түрде жүргізілген. Осы тергеу әрекеттерін жүргізу барысы фото-аудио-бейне жазбаға түсірілді. Ұялы телефондарды алу процесін жүргізу тергеушінің қызметтік кабинетінде Р.Абденовтің қатысуымен іске асырылды. Қызметтік кабинет бейне бақылау жүйесімен жабдықталған. Аталған тергеу іс-әрекеттері бейнежазбада сақталған.
Бұл ретте Т.Қатауов полиция қызметкеріне еш дәлелсіз жала жауып, жалпы Қазақстан полициясының имиджіне кір келтіріп, қоғам тарапынан құқық қорғау органдарының атына негізсіз сын айтылуына ықпал етті» делінген БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген деректерді келтіре отырып, БҚО ПД «abai.kz» сайтынан Т.Қатауовтың «Мені Оралдың полицейлері «тонады» деген атаумен жарияланған мақаласындағы ақпараттардың негізсіз болуына байланысты бұл мақаланы жоққа шығарып, тергеуші А.Габдуллинаның жүргізген тергеу әрекетінің заңды екенін қайта жариялауды сұрап отыр.
«Жайық үні»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу