ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК БЕРУ ПРОЦЕСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру процесі қатаң бақылауға алынады. Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлескен жобасы өткен жылдың соңында сынақтан өткізілген болатын. Нобайлы жобаны ісе асыру барысында 191 603 SMS-хабарлама жіберілді. Сонымен қатар, абоненттерден 8123 жауап келіп, мамандар 1218 қоңырауға жауап берді.

Медициналық сақтандыру қоры былтырдан бастап кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын. Жаңа тәртіп бойынша, дәрі қолма-қол берілген және «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне дәрінің берілгені туралы белгі соғылған рецептілерге ғана ақы төленуі тиіс.
Маусым айының соңына дейін пациенттерге SMS-хабарлама жолданады. Хабарлама жүйеге 2019 жылы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін тегін-дәрі дәрмек алғандар ретінде енген тұрғындарға жіберіледі. Жалпы алғанда, ақпараттық жүйеде көрсетілген 5,7 млн телефон нөміріне хабарлама жіберу жоспарланып отыр.
Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетіледі. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттер SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдай алады немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалса болады. Қоңырау шалу да, SMS те – тегін.
«МСҚ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінің операторы. Қор 2018 жылдан бастап ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілген медициналық көмек ақысын төлеп келеді. Ал, МӘМС пакеті бойынша қызмет көрсету 2020 жылы басталмақ» – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тың БҚО бойынша филиалының директоры Н. Жумагулова.
Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алумен «СҚ-Фармация» ЖШС айналысады. «СҚ-Фармация» препараттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарының өтінімі негізінде сатып алады.
2019 жылы МСҚ мен «СҚ-Фармация» ЖШС 86,9 млрд теңгеге келісімшарт бекіткен болатын. Наурыз айының соңындағы деректерге сүйенсек, елдегі медицина ұйымдары 14 млрд теңгеге рецепт жазып берген, соның ішінде 13 млрд теңгенің дәрісі пациенттер қолына тиген. Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық ұйымдар 816 млн 668 мың 130 тенгеге 117, 634 рецепт жазып берген.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу