ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ ОРАЛҒА КЕЛЕДІ
Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры алдағы уақытта озық тәжірибелі, майталман шеберлері мектептерімен жұмыс жасауға ден қоя кіріспек. Осы орайда жақын күндері, яғни 2020 жылдың алғашқы айында Грузия елінің танымал сценографы Томри Охикян шақырылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте театр директоры Салтанат Абулғазиева мәлім етті.

Хадиша театры биылғы жылы қос бірдей театрлар фестиваліне қатысып, жүлделі орынды иемденді. Театрдың актерлары мен дыбыс режиссері «Сахнагер – 2019» театрлар фестивалінде ұлттық сыйлық иегері атанды. Репертуар 4 жаңа қойылыммен толықты. Дегенмен, театр алдында әлі де үлкен белестер, деңгейі жоғары халықаралық фестивальдерге жолдама алу міндеті тұр. Театр басшысының айтуынша, шеберлікті шыңдау үшін батыл ізденіспен еңбек ету маңызды. Осы орайда, алға қойылып отырған жоспар ауқымды.
Бұған дейін театр өнер сапарымен ел ішінде ғана қойылымдарын сахналап жүрсе, таяудағы жылдарда көршілес Ресей елімен мәдени байланысты нығайту мақсатында Орынбор, Самара, Астрахань, Волгоград, Саратов қалаларында өнер сапарларын ұйымдастыру жоспарлануда. Озық тәжірибелермен алмасу, майталман шеберлер мектептерімен қоян-қолтық жұмыс істеу арқылы шеберлікті шыңдау мақсатында да жұмыстар қолға алынбақ.
– Репертуарымызға С. Мрожектің «Шекара» («Дом на границе») қойылымын алғымыз келеді. Оны қою үшін Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты, Орта Азия елдері театрлар фестиваліндегі «Ең үздік ер адам» бейнесі номинациясының, Ә.Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған Семейде өткен фестивальде «Үздік спектакль» аталымын иеленген «Адамзат» спектаклінің режиссері Данияр Базарқұлов келеді. Сондай-ақ сахналасуға Грузия елінің танымал сценографы, суретші, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты Томри Охикянды шақырмақпыз, – дейді Салтанат Мақсотқызы.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу