Тазы – иттің төресі
Қазақ халқының ұлтық болмысында ит жеті қазынаның бірі ретінде дәріптеледі. Оның ішінде бойына біткен ептілік, жылдамдық қасиеттері жағынан құмай тазыға тең келері жоқ. Ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен иттердің ішіндегі сырттаны әрі төресі саналады. Бүгінде елімізде қазақы тазылар 1000-ға да жетпейтін көрінеді. Ал облысымызда 50 шақты ғана.
Әр қазақтың үйінде жылқысы және тазысы болуы керек деп санайтындардың бірі – Жанәділ Ғазиз. Бала күнінен жылқыға құмар болғанымен, үйлерінде жылқы ұстамаған. Ұлттық спорт мектебіне қызметке орналасқан соң, өзі жылқы алып, көбейтуді бастапты. Бүгінде Зачаганск кентінің Арман шағынауданында тұратын Жанәділдің қорасында үш жылқысы бар. Малына ес болар үш иті де ауласында жүр. Оның ішіндегі «Желаяқ» атты тазысының орны бөлек. Өткен жылдың күзінен бастап қолына үйреткен. Оған дейін екі тазы асырапты. Бірін даладан әкеп үйретіп алса, енді бірін – 5 мың теңгеге сатып алған. Қазір олар басқа егелерінде. Ал Желаяқты танысы сыйға берген екен. Жалпы біздің өңірде тазылардың бағасы аса қымбат емес. Қоян алмағандарының бағалары арзандау, ал текті тазылар 25 мыңға дейін баруы мүмкін.
Жанәділдің сөзінше, тазылардың түрі көп. Бірақ таза қанды қазақы тазылар сирек кездеседі. Қазақы тазылар дүрегей және шашақ құлақты болып бөлінеді. Оның қолындағысы осы екінші түрі.
– Аңыз бойынша бір тазының құны – бір жылқы деген ұғым бар. Қазақстанда осы шашақ құлақтылары кең тараған. Жойылып бара жатқан тұқым санатында. Олардың ерекшелігі – қашса құтылатын, қуса жететін қасиетке ие. Жеңіл әрі жүйрік болғандықтан, қашқан аң құтылмайды. Биылғы қыста үш қоянды олжаладық. Басқа аңдарды оңай аулайды. Бірақ біздің далада қояннан басқалары сирек кездеседі. Әрі биылғы қыс аңшылық үшін қолайсыздау болды. Аңға саларда әдейі қайырып, бабына келтіреміз. Тазының олжалы болуы үшін, алғашқы саяттың маңызы зор. Жақсы «ауыздандырылған» тазының олжасы да мол болады, – деген Желаяқтың иесі тазылардың талғампаз келетінін де атап өтті.
Тазылар өзге иттер сияқты емес, өлексе жемейді. Лас жерге жатпайды. Ақылды, иесіне адал. Тазыны қолға үйреткеніне көп болмағандықтан, Жанәділ тазы ұстаушылармен жиі байланысып ақпарат жинап жүреді екен.
– «Итке үш күн тамақ берсең, үш жыл ұмытпайды» деген нақыл бар. Күшік кезінен аламасам да қолыма тез үйренді. Алдағы уақытта тазыларымды көбейтсем деймін. Кем дегенде 3-4 тазым болуы керек деген мақсат қойып отырмын, – деді Жанәділ.
Эльмира Нұғманова
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу