8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2018 8099 0
Спорт

Тазы – иттің төресі

Қазақ халқының ұлтық болмысында ит жеті қазынаның бірі ретінде дәріптеледі. Оның ішінде бойына біткен ептілік, жылдамдық қасиеттері жағынан құмай тазыға тең келері жоқ. Ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен иттердің ішіндегі сырттаны әрі төресі саналады. Бүгінде елімізде қазақы тазылар 1000-ға да жетпейтін көрінеді. Ал облысымызда 50 шақты ғана.

Әр қазақтың үйінде жылқысы және тазысы болуы керек деп санайтындардың бірі – Жанәділ Ғазиз. Бала күнінен жылқыға құмар болғанымен, үйлерінде жылқы ұстамаған. Ұлттық спорт мектебіне қызметке орналасқан соң, өзі жылқы алып, көбейтуді бастапты. Бүгінде Зачаганск кентінің Арман шағынауданында тұратын Жанәділдің қорасында үш жылқысы бар. Малына ес болар үш иті де ауласында жүр. Оның ішіндегі «Желаяқ» атты тазысының орны бөлек. Өткен жылдың күзінен бастап қолына үйреткен. Оған дейін екі тазы асырапты. Бірін даладан әкеп үйретіп алса, енді бірін – 5 мың теңгеге сатып алған. Қазір олар басқа егелерінде. Ал Желаяқты танысы сыйға берген екен. Жалпы біздің өңірде тазылардың бағасы аса қымбат емес. Қоян алмағандарының бағалары арзандау, ал текті тазылар 25 мыңға дейін баруы мүмкін.

Жанәділдің сөзінше, тазылардың түрі көп. Бірақ таза қанды қазақы тазылар сирек кездеседі. Қазақы тазылар дүрегей және шашақ құлақты болып бөлінеді. Оның қолындағысы осы екінші түрі.

– Аңыз бойынша бір тазының құны – бір жылқы деген ұғым бар. Қазақстанда осы шашақ құлақтылары кең тараған. Жойылып бара жатқан тұқым санатында. Олардың ерекшелігі – қашса құтылатын, қуса жететін қасиетке ие. Жеңіл әрі жүйрік болғандықтан, қашқан аң құтылмайды. Биылғы қыста үш қоянды олжаладық. Басқа аңдарды оңай аулайды. Бірақ біздің далада қояннан басқалары сирек кездеседі. Әрі биылғы қыс аңшылық үшін қолайсыздау болды. Аңға саларда әдейі қайырып, бабына келтіреміз. Тазының олжалы болуы үшін, алғашқы саяттың маңызы зор. Жақсы «ауыздандырылған» тазының олжасы да мол болады, – деген Желаяқтың иесі тазылардың талғампаз келетінін де атап өтті.

Тазылар өзге иттер сияқты емес, өлексе жемейді. Лас жерге жатпайды. Ақылды, иесіне адал. Тазыны қолға үйреткеніне көп болмағандықтан, Жанәділ тазы ұстаушылармен жиі байланысып ақпарат жинап жүреді екен.

– «Итке үш күн тамақ берсең, үш жыл ұмытпайды» деген нақыл бар. Күшік кезінен аламасам да қолыма тез үйренді. Алдағы уақытта тазыларымды көбейтсем деймін. Кем дегенде 3-4 тазым болуы керек деген мақсат қойып отырмын, – деді Жанәділ.

Эльмира Нұғманова

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»