8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2021 1835 0
Қоғам

ТАЗАЛЫҚШЫЛАР ТӘУЛІК БОЙЫ ТЫНЫМ ТАППАЙДЫ

Қала тазалығымен сәнді. Бұл – үстіне  қызыл кеудешені киіп, құралдарын сайлап, күнделікті қызу тірлікте жүретін тазалықшылардың еңбегі. Қысы-жазы осы тазалықты қамтамасыз ететін коммуналдық қызметкерлердің еңбегін көп уақытта елей бермейтініміз шындық. Жаздың аптап ыстығы, қыстың шыңылтыр аязы мен долданған боранына қарамастан, олар қарбалас тірліктерін тоқтатпайды. 

Иә, шаһарымыздағы көше, тынымбақтардың тазалығына жауапты «Жайық таза қала» ЖШС үшін қазір де қарбалас кезең. Қар шығару жұмыстарын жалғастырумен қатар, арық жүйелерін көктемгі кезеңде жауын-шашын мен еріген қар суларының іркіліссіз өтуіне сақадай сай дайындаулары қажет.

 

Қала тазалығымен айналысып келе жатқан «Жайық таза қала» екі жыл бұрын жекенің меншігіне өткен болатын. Мекеменің қазіргі тынысы туралы білмек ниетпен өткен сенбіде серіктестіктің директоры Ринат Нұрғалиевпен хабарластық. Көшедегі қар шығару жұмыстарының басы-қасында жүргенін айтқан ол бізге уақыт бөлуге келісті.

РИНАТ НҰРҒАЛИЕВ, «ЖАЙЫҚ ТАЗА ҚАЛА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

«Жұмысшылар еңбегі еленеді»

Мекеме басшысы Ринат Нұрғалиев кейінгі екі жылдың ішінде материалдық базаны жаңартуда ауқымды жұмыстар жасалғанын атап өтті. Арнайы асхана ашылған, мұнда жұмысшылар үзіліс уақытында келіп, 500 теңгеге кешенді түскі ас іше алады. Сондай-ақ қызметкерлер үшін демалыс бөлмесі дайындалған. Жұмысшыларды тасымалдайтын арнайы автобус та бар. Дегенмен, тазалау аумақтары бойынша бригадаларды жасақтауда олардың тұратын мекенжайлары ескерілген. Яғни, жұмысшылар өз үйлеріне таяу маңдағы көшелердің тазалығына шығады. Қала көшелерін аралау кезінде №10 бригаданың бригадирі Мерет Қайырлиевпен тілдестік. Бұл бригадада 11 адам жұмыс жасайды.

МЕРЕТ ҚАЙЫРЛИЕВ, №10 БРИАГАДАНЫҢ БРИГАДИРІ

– Абай даңғылы бойындағы 2-базадан Мұхит көшесіне дейінгі аралық біздің жауапкершілігімізде. Бұл – 2300 метрді құрайды. Жолдың екі бағытын күнделікті тазалап шығамыз. Автомобиль жолының жиегі, тротуар, аялдамалардың айналасы тазаланады. Жұмыс шаш-етектен. Техникаларымыз, жұмыс күші жеткілікті. Бригадамдағы 11 жұмысшы тұрақты жасап келе жатыр. Әрқайсысы өздерінің атқаратын функцияларын біледі. Боран, жауын-шашынды уақыттарда жұмысымыз қыза түседі. Қандай қолайсыз ауа-райы болса да күнделікті жұмыс орнынан табылады. Жүргізушілердің жол жиегіне көліктерін қалдырып кетуі біздің жұмысымызға кедергісін келтіреді. Ондай жағдай жиі болып тұрады. Тұрғындар біздің қызметімізді түсініп, бейжай қарамаса дейміз, – деді Мерет Қайырлиев.

Бүгінде мекемеде 750 адам жұмыс жасайды. Қосымша 100 адамға сұраныс берілген. Өз сөзінде Ринат Саматұлы мұнда қызмет жасайтындардың дені орта және егде жастағылар екенін айтты. Жастар бұл жұмысқа келгісі келмейтін көрінеді.

– Жыл бойына екі ауысымда жұмыс жасаймыз. Қыс мезгілінде әр ауысым 10 сағаттан болады. Жұмысшылардың жалақысы, өтемақысы Еңбек Кодексіне сай төленеді. Жекеге алынғаннан бастап, яғни 2019 жылғы деңгейден жалақыны 16 пайызға өсірдік. Қазіргі уақытта жұмысшылар орта есеппен 115-120 мың теңге алады. Биыл мемлекеттік сатып алуға өзгерістер енгізіліп, үш жылға қызмет көрсету бойынша ашық конкурс жарияланды. Егер біз үшін сәтті болып, жеңімпаз атансақ, жұмысшыларымыздың жалақысын тағы 15 пайызға көтеру жоспарымыз бар. Жауын-шашынға қарамай көшеде жұмыс атқаратын әр қызметкеріміздің еңбегін бағалауымыз керек, – деді Ринат Саматұлы.

Әңгіме барысында ол өзінің де бұл мекемедегі қызметі көше жұмысынан басталғанын атап өтті. 2014 жылы бригадирдің көмекшісі ретінде қызметке тұрып, одан соң диспетчерлік, экономикалық жоспарлау бөлімдерінде болып, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Техникаларды жаңарту жалғасады

 Бұрын серіктестікте 100 шақты техника болса, соңғы екі жылда олардың қатары 58  жаңа көлікпен толыққан. Оған қоса қыс маусымы кезінде ұлпаның көп түсуіне байланысты қажеттілікті өтеу үшін ірі кәсіпорындардан 90-нан астам техника жалға алынып, қар шығару жұмыстарына жұмылдырылды. Жалпы техникаларды жаңарту, көбейту жалғасын таппақ.

Бүгінде қаладағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 615 шақырым. Көше тазалығы алты маршрут бойынша жүргізіледі. Қар жауғанда алдымен құмды-тұзды қоспа себіліп, көліктердің қозғалысына байланысты қар мен қоспа араласқан соң, сыпыру үшін 7-8 трактор тізбегі мен екі құм себуге арналған көлік жүреді. Ал жаяу жүргінші жолын сыпыру ВТЗ тракторлары арқылы жүргізіледі. Қазір мұндай шағын техника алтау ғана, келер жылы дәл осындай тағы алты трактор алу жоспарланған. Жалпы қаламыздағы тротуарлар тар болғандықтан, басқа техникалардың жүруі қиындау. Сондықтан негізгі жұмыс қолмен атқарылады. Қар жауғаннан кейін құмды-тұзды қоспа себіліп, күнделікті тазалау жүргізіледі.

–  Ең  өзекті мәселе – осы жаяу жүргінші жолы. Қалада жаяу жүргінші жолының ұзындығы – 235 шақырым. Әрқайсысы 15-20 адамнан құралған 5 мобильді топ осы тротуарлармен айналысады. Мәселен, қазір біз тротуарларды тазалап кеткенімізбен, күннің жылынуымен төбеден аққан су кері сол тротуарда қатып, көктайғаққа айналады. Негізінен Абай, Н.Назарбаев даңғылдары бойында бизнес нысандары көп. Әр бизнес нысандары өз аумақтарынан 5 метр қашықтықтың  тазалығын қамтамасыз етуі  керек. Бұл Батыс Қазақастан облысындағы елдімекендердегі абаттандыру ережесінде көрсетілген.  5 метрлік аумаққа тротуарлар да енеді. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің мониторингтік топтары бизнес иелерімен жұмыстануда, – деді мекеме басшысы.

Ринат Саматұлы 109 call-орталығы арқылы қар тазалауға қатысты хабарламалар жиі түсетінін айтты. Бірақ олардың басым көбі жеке секторларға қатысты аумақтар. Көпқабатты үй аулаларын ПИК-тер тазалауы керек. Сол секілді саяжайлардың жолын тазалауды қауымдастық төрағалары ұйымдастыруы тиіс. Дегенмен, «Жайық таза қала» саяжайдағы қоғамдық көліктердің жолдарын қырып, тазалауға көмек көрсетіп жүр.

 

Су тасқынына дайындық жүргізілді

Қыс басталғалы қала аумағынан 481 мың текше метр қар шығарылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда үш есеге көбірек. Шаһар іргесінде қар төгуге арналған төрт полигон болса, солардың екеуі ұлпаға толды.

– Алғашқыда «Телецентр» аумағындағы полигонға тасып жүргенімізде, ауысымына бір Камаз 11-12 рейс жасайтын. Қала тұрғынының шағымына байланысты ол полигон жабылып, шаһар аумағынан жиналған ұлпа қар Балауса мен Асан карьеріне төгілді. Бұл екеуі де орталықтан қашық, шамамен 14 шақырым. Сондықтан қар тиеген көліктердің барып-келуіне біраз уақыт кетеді. Қар шығаруда кешеуілдеу жұмыстарының бір себебі де – осы, – деді Ринат Саматұлы.

Биыл коммуналдық мекеме қыс маусымы үшін 14 мың тонна инертті материалды пайдалануды жоспарлаған болатын. Десек те, табиғат қандай тосын мінез көрсетерін білу  қиын. Ауа райы сәт сайын құбылып тұр. Осы орайда инертті  материалдардың қосымша қоры дайындалды. Сондай-ақ төтеншеліктер көктемнің жауын-шашынды болатынын ескертуде. Осы орайда мекеменің су тасқынына дайындық жұмыстарына да назар аудардық.

– Қазір көктем мезгілінде су тасқынын болдырмау жағдайындағы жұмыстар атқарылуда. Қаламызда 2-ші жұмысшылар ауданы, Ет комбинаты, Жұлдыз шағынауданы, Зашаған кенті – қауіпті аймақтар қатарында. Осы аумақтардың қарын шығардық, арық жүйелері тазаланды. Су сору үшін 4 вакумды көлігіміз,  8 мотопомпа, 8 андижанец бар. Техникаларды тексеріп, дайындап қойдық. 6 мыңдай құмды қапшықтар дайындалды. Сонымен қатар жеке кәсіпорындармен келісім жасадық, қажеттілік туындаса, олардан вакумды көліктерді жалға аламыз, – деді бұл орайда Ринат Саматұлы.

 

«Жолдарды  күтіп-ұстауға бөлінетін қаржы көбейтілуі керек»

Жалпы 2020 жылға автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге 1,6 млрд. теңге бөлінген. Бұл қыс маусымы үшін ғана емес, жыл бойына  қарастырылған. Десе де, мекеме басшысы бұл бір жылға жетіңкіремейтінін айтты. Ринат Нұрғалиевтің есебінше, қаржыландыру нормативіне сәйкес автокөлік жолдарын күтіп-ұстауға бөлінетін қаржы біздің  өңір үшін 3 млрд. теңге болуы тиіс.

–  Бізге  «құмды-тұзды қоспа емес, неге реагент шашпайсыздар» деген шағым жиі айтылады. Біріншіден, 1 тонна құм мен тұзды – 1800 теңгеден алсақ, реагенттің 1 тоннасы – 150-160 мың теңге болады. Яғни, біздің бюджетіміз жетпейді. Екіншіден, реагент – химиялық қоспа, көліктердің тез шіруіне алып келеді. Жыл басында еліміздің басқа өңірлеріндегі коммуналдық мекемелердің жұмыс тәжірибесін зерделеу мақсатында  Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында болдым. Олар да біз секілді құмды-тұзды қоспаны қолданады. Техникаларымыз да бірдей екен. Шымкенттің жолдары біздікінен 400 шақырымның шамасында көбірек, бірақ қар жоқ, бюджеттері жақсы бөлінген – 5 млрд. теңгенің шамасында. Негізінен қар тазалауға көбірек қаржы қажет, – дейді Ринат Нұрғалиев.

Қазір қаладағы автомобиль жолының ұзындығы 615 шақырым. Үлкен арық жүйесінің ұзындығы – 4235 метр болса, кіші арық жүйесі – 3125 метр. Бірақ бұл – 2011 жылдың есебі. Сол кезеңнен бері жаңа шағынаудандар пайда болып, жолдар салынды. Яғни жолдардың ұзындығы да артты. Биыл мекеме тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірге инвентаризация жүргізбек. Сол уақытта жолдың, жаяу жүргіншілер жолы мен арықтардың ұзындықтары нақтыланатын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

«ЖАЙЫҚ ҮНІ-ЖИЗНЬ ГОРОДА»

 

  

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
373 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
392 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
465 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
568 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
770 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
774 0
Қалалықтар қаперіне
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
06 Наурыз 2024
1320 0
Қалалықтар қаперіне
Инвестициялық әріптестік мәселесін талқылады
06 Наурыз 2024
1330 0
Қалалықтар қаперіне
«Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес»
05 Наурыз 2024
1487 0
Қалалықтар қаперіне
Пітір садақа мөлшері белгілі болды
05 Наурыз 2024
1573 0
Құттықтаймыз!
«Қайырымдылық керуені» – мейірім мекені
01 Наурыз 2024
1913 0
Бәрекелді!
Қазақ күресінен жарыс өтті
01 Наурыз 2024
1968 0
Қалалықтар қаперіне
Салық мөлшерлемесі 3 %-ға дейін төмендетілді
29 Ақпан 2024
2031 0
Қоғам
41 қаржы пирамидасы жойылған
28 Ақпан 2024
2060 0
Құттықтаймыз!
23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар
27 Ақпан 2024
2207 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»