8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2022 1300 0
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетіне – 90 жыл

Тарихтың тарланы

Ғылымның дамуына өз өмірін арнап, барлық күш-жігерін жұмсаған адамдар арамызда аз емес. Соның бірі – отандық тарихшылар қауымының төрінен орын алатын кәсіби тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, академик Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков. Есімі тарихсүйер қауымға жақсы таныс танымал тұлға елімізге ұстаз, ғалым, өлкетанушы ретінде белгілі. Білім мен ғылымның тізгінін қатар ұстаған зияткердің азаматтық келбеті қазіргі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Бар өмірін тарих ғылымын зерттеуге, Отан тарихының өзекті мәселелерін зерделеуге арнаған академик Тұяқбай Зейітұлының басшылығымен алғаш рет Қазақстан тарихының бірқатар аймақтық мәселелерін зерттеу жолға қойылды. Ол тәуелсіздіктің бастауында еліміздің батыс өңіріндегі, бүгінде 90 жылдық тарихы бар іргелі оқу ордасы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін басқаруды қолға алды. Жиырма жылға жуық уақыт ішінде университет облыстағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны және аймақтағы оқу-ғылыми орталықтарының біріне айналды. Тұяқбай Зейітұлы басшылық еткен жылдарда университет жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін және білім беру жүйесінің сапа көрсеткішін айғақтайтын ҚР ЖОО рейтингі нәтижесі бойынша үнемі үздік ондық қатарында болды. Осындай жетістіктерге қол жеткізу арқылы алып оқу орнының республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мәртебесінің артуына Тұяқбай Зейітұлының үлесі зор.


Тұяқбай Зейітұлы университет басшысы ретінде қызмет жасай жүріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына айрықша көңіл бөлді. Әсіресе жастардың ғылыми-ізденістеріне жетекшілік жүргізу жұмыстарына баса назар аударды. 90 жылдардан бастап, өзі негізін қалаған Қазақстан тарихы кафедрасының жанында Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша аспирантура жемісті жұмыс жасады. Алып университетті басқару сынды жауапты қызметпен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұштастыра отырып, жанына талантты шәкірттерді топтастырды. Оның ғылыми жетекшілігімен отандық тарихтың аймақтық мәселелерінің түрлі кезеңдерін қамтитын «Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1847-1858 жж)», «Әбілқайыр ханның қоғамдық-саяси қызметі», История становления и развития народного образования Западного Казахстана (1841-1941гг.), «Қазақстанның мұнай-газ кешендерінің даму тарихы», «Орал қаласының тарихы: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму аспектілері (1946-2000гг)», «Батыс Қазақстанның қала халқы: әлеуметтік-демографиялық аспектісі», «Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық – саяси қызметі», «Бөкей Ордасындағы аграрлық саясат (ХІХ ғасырдың І жартысы)», «Бөкей ордасындағы сауда-саттық және кәсіпкерлік», «Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы», «Қазақ отбасына байланысты дәстүрлердің символикалық мәні (этнологиялық-мәдениеттанулық аспектілері)», «Кооперативтік қозғалыс бойынша пікірталас және Қазақстандағы 1921-1929 жылдардағы ауыл шаруашылық даму тарихы», «Жаһанша Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси қызметі», «Қазақстандағы экологиялық қозғалыстар тарихы», «XVIII ғ.аяғы-XX ғ. басындағы Қазақстандағы конфессиялар тарихы: таралуы, ұйымдық дамуы және миссионерлігі», «Қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер-техникалық кадрлардың қалыптасуы және өсуі» сияқты тақырыптар арнайы зерттеу нысанына алынды.

Нәтижесінде кеңестік тарихнамада бұрмаланған, мазмұны басқаша сипат алған ұлт тарихының күрделі мәселелері бойынша жас тарихшылардың зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми мектебін қалыптастырды
Осындай игі істердің нағыз ортасында жүрген ғалым өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды. Аспирантурада білім алған әр шәкірті ұстаздың қамқорлығын, жастарға деген жанашырлығын сезінді. Сонымен бірге шәкірттерінің бойындағы еңбеккорлық пен жауапкершілік сынды қасиеттерді айрықша бағалайтынын білді. Ғылыми жетекші ретінде бұрын зерттеу нысанына алынған ғылыми ізденістердегі мәселелерді қайталамау, өлке тарихының кезеңдеріне қатысты тың деректер беретін мұрағат құжаттарын, түпнұсқалық дерек көздерін диссертациялық жұмысты жазу барысында сапалы қолдануды үйретіп отырды.
Тұяқбай Зейітұлының ғылыми ұясынан қанат қаққан әр шәкірті аспирантурада, магистратурада оқу барысында үлкен мектептен, күрделі сынақтардан өтіп келеді. Ғылымдағы тазалық деген ұғымды үйреніп, адамгершілік қағидаларының көп мәселелерін түсінеді. Әсіресе, жас тарихшылардың ғылыми-ізденіс жұмысын жазу барысында, алдымен таңдаған тақырыбын жақсы көре білуін, күнделікті ізденіс жүргізу жұмыстарына дағдылануын, кез-келген жағдайда зерттеу нысаны бойынша өз ұстанымының болуын талап етеді. Ғылыми жетекшіміздің осындай қағидаттары терең біліммен қарулануға, білім бәсекесінде озық тұруға дайындық екені сөзсіз. Зерттеу жұмыстарына бет бұрған әр шәкіртінің ғылыми ортаға бейімделіп, өзіндік таным-түсінігі қалыптасуына жол ашқан ұстазымыз, тарихшы-ғалым Тұяқбай Зейітұлының қашанда ықпалы, ақыл-кеңесі зор. Ұлағатты ұстаз республика көлемінде әртүрлі қызметтерде еңбек етіп жүрген екі ғылым докторын, 20 ғылым кандидатын, 63 магистрін даярлап шығарды.
Жеті жүз елу еңбектің авторы
Академик Т.Рысбековтың бүгінгі таңдағы жарияланған тарихи және тарихи-танымдық еңбектерінің жалпы саны 750-ден асады. Ғылыми еңбектері алыс және жақын шет елдерде өткен халықаралық конференцияларда баяндалып, материалдар жинақтарында және жоғарғы импакт факторлы беделді шет елдік басылымдарда жариялануда. Ұзақ жылғы ізденістерінің нәтижесінде оқырманға жол тартқан «Өскен өлке тарихы», «Менің Қазақстаным», «Бөкей Орда тарихы», «Көзқарас», «Диалог с историей», «Тарихи таным және ақиқат», «Орал қаласы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Нарын құмы тарихтың шежіресі», «Тағдыр соқпақтары» еңбектері Қазақстан тарихының мәселелерін тереңнен қозғаған шығармалар қатарынан ойып тұрып өз орнын алды. Ғылыми-танымдық еңбектерімен қоса, Қазақстан тарихы бойынша бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу құралдарын құрастыруға да айрықша мән беріп, білімге талпынғандардың көкірегін оятумен келеді. «Қазақстан тарихы», «Батыс Қазақстан облысының тарихы», «Тарих сабағында инновациялық әдістерді пайдалану», «Оқу процесін және тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері» еңбектері Отандық тарихтың оқытылу мәселелеріне арналады.


Танымал тарихшының ғылыми-шығармашылық қызметінің жаңа бір белесі өлке тарихындағы тұлғалар келбетін зерттеу мәселелерімен байланысты болды. 2014 жылы «Тарихи тұлғалар: уақыт және өмір жолдары» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Осы бағыттағы ғылыми зерттеулер жалғасын тауып, 2017 жылы еңбектің екінші кітабы жарық көрді. Үнемі ізденіс пен шығармашылық шабыт үстінде жүретін ғалым-ұстаз халықаралық және республикалық деңгейдегі зерттеу жобаларына қатысып, жаңа ғылыми еңбектердің көшбасынан көрінуде. Тұяқбай Зейітұлының тікелей ұйымдастыруымен әрі ғылыми жетекшілігі, авторлығымен жарияланған зерттеу 2021 жылы жарық көрген «Орал қаласының тарихы» еңбегі болатын. Бұл – еліміздің батыс өңірінде заманауи цифрлық форматта жасалған алғашқы туынды. Интерактивті кітап ІТ-технологияларға сүйенген медиаконтентпен сүйемелденген: фотогалерея, виртуалды турлар, мұражай экспонаттары мен ескерткіштер 3D форматта АR белгінің көмегімен қаралады. Сол секілді интерактивті фотосуреттерді, мәтіндердің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасымен QR- код бойынша танысуға болады. Кез-келген электронды гаджет арқылы кітаптың медиамазмұны көрсетілген.
Мемлекеттік марапаттары бір төбе!
Ұстаздың ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметте қол жеткізген жетістіктерінің көрсеткіші-мемлекеттік марапаттары. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі берілсе, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен «Парасат» орденімен марапатталды. 2007 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін алды. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері (2016)», «Орал қаласының (1998) және Казталовка ауданының құрметті азаматы (2017)», «А.Байтұрсынов атындағы күміс медаль (2004) және алтын медаль (2007)» иегері атанды. 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері болды. Сонымен бірге, шетелдік көптеген ғылыми орталықтардың орден-медальдарымен марапатталды: «SPI алтын медалі (Париж, 2005)», «Европалық интеграцияның дамуына қосқан үлесі үшін (Оксфорд, Ұлыбритания, 2006)», «Internation Professional медалі (Ганновер, Германия, 2008)», «Ерекше еңбегі және ғылыми зерттеулері» ордені (Ганновер, Германия, 2010)», «Напалеон медалі (Франция, 2013)», Grand prix European DeLa Qualite» медалі, (Женева, Швейцария, 2014), «Ғылымдағы есім медалі (Оксфорд, Ұлыбритания 2017)».
Отандық тарихшы, ел ағасы, академик Тұяқбай Зейітұлы биыл мерейлі жасқа толады. Тарихтың тарланы атанған ағайымыздың мерейі асқақтап, аман-сау жүруін тілеймін. Ғылым жолындағы барша шәкірттері атынан ұстазыма ғылыми-шығармашылық табыстар тілеп, мың алғысымды айтамын.

Аққайың МҰРАТҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
226 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
421 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
419 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
870 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
939 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
958 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
977 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1000 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1370 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1494 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1524 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1799 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1811 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1939 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2232 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2331 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»