8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Желтоқсан 2020 2065 0
Жалын

ТАРИХТЫ ТҰЛҒАЛАР ЖАСАЙДЫ

1 желтоқсан күні Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай білімді де болашаққа сенімі мол оқушы- жастар арасында пікірсайыс турнирі өткізілді.

Пікірсайыс – белгілі ереже бойынша қарсы тараптың өз позициясын қорғап, көпшілік алдында сөйлеуі. Ол ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытады. Пікірсайыс немесе дебат грек тілінен «оқимын», ал француз тілінен «талқылау» деген мағынаны білдіреді. Дебат – аргумент арқылы жеңу. Онда қарсы тараптар қоғамды өз сөзіне сендіруі керек. Пікірсайыста маңыздысы – аргумент, бірақ әр түрлі риторикалық әдістер, аудиториямен жұмыс жасау қабілеті ескеріледі. Ол – шешендік өнердің бір түрі, риториканың бір бөлігі. Демократиялы елдерде президент сайлауы пікірсайыс арқылы өтеді.

Пікірсайыс  «Бұл палата мектеп оқушыларының бос уақыттарын ұйымдастырудың тиімді жолын ұсынады», «Бұл палата Тарихтағы ең үздік лидерді көрсетеді», «Бұл палата әлеуметтік желілердің пайдасынан зияны басымырақ деп есептейді», «Бұл палата Жастар санасын не улап жатқанын көрсетеді», «Бұл палата Қазақстандық мектеп түлектері өз қалауындағы мамандықты дұрыс таңдай алмайды деп есептейді» қарарлары бойынша өтті.

Сайыста өз білімдері мен біліктіліктерін көрсету арқылы үшінші орынға Әлия Сатыбалдиева және Аяулым Амангелдиева тұрақтаса, Зарина Бозова және Латифа Мыңжасарова екінші орынды иеленді, бірінші орын Аида Ғиниятова және Аружан Малқайдарға тиесілі деп танылды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»