ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жас тұлғалар, өз саласының көшбасшыларының қатысуымен кезекті онлайн «Адалдық сағатын» өткізді. Бейне-дәрістердің кейіпкерлері жас ғалым, ғылым докторы және 9 патенттің иегері Евгений Золотухин және талантты журналист, журналистер одағының мүшесі Мейіржан Әлібекұлы болды.

«Ғылымдағы парасаттылықтың рөлі қандай?» – осы сұраққа Қостанай облысының ірі өңірлік жоғары оқу орнының табысты оқытушысы, жатып сығымдаудан спорт шебері және үлгілі отағасы Евгений Золотухин бес минуттық роликте жауап берді.
Бейне-дәріс барысында ол жас көрермендерге ғылымда алғашқы қадамдарын қалай жасағандығы, оның кумирі кім екендігі және білім беру саласындағы жетістік жақындардың қолдауымен, командалық жұмыссыз мүмкін еместігі туралы айтты.
М.Әлібекұлы да парасаттылық пен адалдық туралы ойымен бөлісті.
Мейіржанды көпшілік ұлттық арнадағы жексенбілік сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасын жүргізген кезінен таниды. Қазақстанның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуы туралы кәсіби репортаждарымен де танымал. Бүгінде ол «Qazaqstan» РТРК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалын басқарады.
Бейне-дәріс барысында М.Әлібекұлы «парасатты адамды білімі, терең ойлары, игі істері ерекшелендіреді» деп атап өтті.
Әр түрлі қызмет салаларында еңбек ететін екі түрлі тұлға, елдің екі патриоты бір дауыспен жастарды оқуға, еңбек етуге, дамуға, жақындары мен достарын құрметтеуге, Отанын сүюге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, «Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар мен студенттер белгілі отандастарымыздың шығармашылығы мен табыс тарихын зерделеп, адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелерін талқылап, сондай-ақ мәдениет, ғылым, спорт, өнер және т. б. салалардағы өзекті жаңалықтармен танысады.
«Адалдық сағаты» аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.
Мейржан Әлібекұлымен бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=aKjFbH7VbUE&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=3
Евгений Золотухинмен бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=zwNsXMyd2RY&feature=youtu.be
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу