8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2018 1690 0
Қоғам

Таланты «тұншыққандар» ауылда жүр

– Ойпырым-ай, ә?! Тіпті, ғажап болды.

– Керемет қой. Әзілдің астарында тым терең мағына жатыр.

– Анау, Сәбира деген кісі ылғи мықты ойнайды.

–  Келушілерден зал лық толды ғой.

Бұл шаһарымыздағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық драма театрында сәуірдің жетісі күні сахналанған керемет жаңа қойылымның куәсі болған көрерменнің пікірі. Бұл пікірге біздің алып – қосарымыз жоқ. Бәрі де шынайы.

Әмбеге аян жазушы, сан қырлы талант иесі, драматург Сәкен Жүнісовтің он жеті пьесаның авторы екендігі баршаға белгілі. Ал осы пьесалардың бірі «Қысылғаннан қыз болдық» атты туындысын қаламыздағы қара шаңырақта режиссер Самал Әбуов жаңаша рең беріп сахналады. Самал Қадерұлының тынымсыз еңбегіне, ізденгіштігіне таңдай қақтық. Ал қоюшы суретшісі Мұрат Мәмбетовтің қызметі әркез көрерменнің көңілінен шығып келеді.

Әзіл-күлкіге құрылған музыкалық комедия Құмқарағай ауылының тұрғындары хақында өрбиді. Шағын ауылдың әр салада қызмет атқарып жүрген тұрғындарына аяқ асты ансамбль құрып, бас қалада өтетін фестивальге қатысу жүктеледі. Өнер саласында жүрмесе де, «әу» дейтін ауыл адамдарын әзірлеуге тура келеді.  Құмқарағай ауылының атын ұятқа қалдырмауға тырысқан ауыл әкімі Ыбырай (әртіс Дулат Хамитов) бас болып сала қызметкерлерін жинайды.  Мал дәрігері Жұмат (Асылжан Жакин) «идеясымен» бөлісіп, «ансамбль жетекшісі» қызметін атқарады. Тіпті, бас есепші Майра мен (Наргиз Шадыева) бала күтіміне байланысты демалыста отырған Сәниялар (Әсем Хамидуллина) емізулі балаларымен ансамбль құрамында. Ал оқытушы Айгүл (Әсел Қатауова), ауыл учаскелік полициясы Алтынбектер де (Райымбек Ермек) осы топта. Айтпақшы, Әсел мен Райымбектің бұл рөлдерде  тұңғыш рет ойнағанын әрі жақсы өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Ал мектептегі аспаз Сәбираның (Эльмира Мақашева) рөлі көрерменді күлкіге қарқ қылды. Шатақтау мінезі бар Сәбира басында топқа кіруге бірден ықылас таныта қоймағанымен, кейін ауыл әкіміне деген «ғашықтық» көңілі бар болғандықтан, әрі бас қаладағы баласы Болтайға (Жандос Бақтығалиев) баруға жол шығып тұрғандықтан ансамбль мүшесі болады. «Үйтіп-бүйтіп» ансамбль құрылып қызу дайындық басталғанда, Жұмат бас қалаға барып, фестивальге қатысудың ережесін біліп қайтады. Бас жүлдеге шет елге тегін жолдама беретіндігін естіген ансамбль құрамы қуаныштарын жасыра алмай «дайындықты күшейту керек» деп мәре-сәре күйге түседі. Алайда «қиындау» шарт та бар. Сөйтсе, ансамбльде тек қана қыз-келіншектер болуы қажет екен. Енді не істемек керек? Өзі әзер құралған ансамбль. Орталарындағы жалғыз ер адам учаскелік полицей Алтынбек қайтеді? Пысықтау мал дәрігері Жұмат бұл шаруаның  оңтайлы шешілуін ойластырып қойыпты. Ауыл әкімі екеуі оңашалау сөйлесіп, Алтынбекті «Алтын» есімді қызға айналдырып, қыздың киімін кигізу қажет деп келіседі. Сөйтіп, екеуі қысылғаннан «Алтынбекті қыз қылады». Оның үстіне бұл Алтынбегіміз әкімнің қызы Айгүл оқытушыға ғашық. Осыны пайдалана кеткен әкім мен мал дәрігері Алтынбекке қыз болуды «естіртеді». О баста «қыз болмаймын деп тулаған» полицей сүйген қызы үшін, әрі ауылдың намысы үшін келісім береді. «Айгүл» ансамблі дүниеге келеді.

Ансамбль дүниеге келуін келді-ау, енді өнерлерінің дұрыс-бұрыстығын тексеріп қарайтын саз маманы қажет. Жұмат «шіркін» өткенде бас қалаға барғанда, мұның да шешімін қарастырып келген. Музыкант Едігеге (Ринат Сабырғалиев) жолыққан. Енді әкім бастаған топ бас қалаға аттанды. Бұл топты әзірлетіп жүрген сүр бойдақ Едіге аяқ асты полицей Алтынбекке, жо-жооқ «Алтын қызымызға» ғашық болды да қалды. Музыкалық комедияның нағыз шарықтау тұсы да осы. «Қашан үйленесің, қашан үй боласың?» деп музыканттың анасы Хадиша (Жанаргүл Құрманғалиева) оның күнде «құлақ етін жейтін». Міне, іздегенге сұраған. «Алтынның» ер адам  екендігінен бейхабар Едігенің есіл дерті осы қызға үйлену. Бәрін ұйымдастырып жүрген мал дәрігері Жұмат оған «Алтынның» Алтынбек екенін айтайын десе… Айта алмайды. Басты себеп, полицейге ғашық болып қалғандықтан Едіге бұл топты тегін әзірлеп жүр. Амал жоқ «қыз үшін, ауыл үшін» деп Алтынбек тағы да көніп, Едігемен кездесуге барады. Бұл уақытта фестиваль де аяқталады. Топ мүшелері «Алтынгүлді ауылға шұғыл кетіп қалды» деп Едігеге өтірік айтып, жүздесу аяқталмай қалады. Музыкант та, полицей де әйтеуір өз жолдарымен кетеді. Бұлардың  уақытша кездесулерін ұйымдастырып жүргенде Сәбира қаладағы ұлы Болтаймен қауышып, оны ауылға алып кетуді ұйғарады. Комедия соңында бар қиындыққа шыдаған «Айгүл» ансамбльі жеңімпаз атанып, Түркияға тегін жолдаманы қанжығаға байлайды.

Жалпы, «Қысылғаннан қыз болдық» комедияға құрылғанымен, ондағы кейіпкер күлкілерінің астарында терең ой жатыр. Бір-бірімен қалжыңдаса жүріп, «шағып-шағып алады». Әлеуметтік мәселелер де жоқ емес. Арнайы оқыған өнер мамандығы жоқ болса да, бойдағы таланты «тұншығып» қалған өнерлі адамдардың ауылда әлі де кездесетінін растады бұл қойылым. Дипломы бар әр адам дарынды емес. Дегенмен оқығаннан оқымаған қарапайым дарын иесі артықтау ма деп қаламыз. Анау-мынау деген керемет өнер орталықтардың табалдырығын «көкелерінің» көмегімен аттаған дарынсыз өнер иелерін көре-көре көз үйренді. Қоғамда осындай «арам шөптердің» қаптауы әлі де болса толастамағаны, әлеуметтік мәселе емей немене?

– «Ел іші –  өнер кеніші» демекші, ауылда да небір таланттар бар. Бір сағат, жиырма минутқа құрылған жаңа қойылымда қарапайым ауыл адамдарының қолынан  ансамбль ұйымдастыру келетінін жеткізу. «Қысылғаннан қыз болдықта» таланттардың қайнар көзі ауылда екендігін көрсету, – дейді режиссер Самал Әбуов.

Иә, біз де, сіз де ауылданбыз. Ел ішіндегі талантты адамдардың бар екендігін сан мәрте естіп те, көріп те жүрміз. Дейтұрғанмен шын өнерліні «іздемейтіні» шындық. «Өнері жоқ, бірақ қалтасын қаржыға қампитқан», бір сөзбен айтқанда, қолдан жасалған «супер таланттылар» киелі сахнада сайрандап жүр. Таланты «тұншыққандар» ауыл жақта…

Самал ЖАМЕТ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
409 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
548 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
584 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
858 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
872 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
995 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1296 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1388 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1415 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1625 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1897 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2118 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2164 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2304 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»