ТАЛ ТҮСТЕ АҚША ҰРЛАҒАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ (видео)
25 маусымда сағат 15.00-де Орал қалалық полиция басқармасына «Жеңіс» шағынауданы №11/1 мекенжайындағы «Аванс» ломбарды қасында тұрған балалар арбасынан ішінде біраз ақшасы бар қызыл әмиянның ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Хабарлама бойынша барған басқарманың жедел-тергеу тобы оқиға орнынан бейнежазбаны алып, зерделей қарады. Жедел іздестіру шаралары барысында балалар арбасының артқы қалтасына қолын салып қызыл әмиянды жейдесінің ішіне тығып ұрлаған азаматша байқалды.
2001 жылғы күдікті Л. есімді азаматшаның бұған дейін де ұрлық жасағаны анықталды. Әмиян ішінде зардап шеккен балалы әйелдің жеке бас куәлігі мен 19 мың теңгесі, Халық банкінің банкомат картасы болған екен. Ұрлықққа жол берген бойжеткен көп ұзамай ұсталды. Оқиға орнынан бейнежазба алынды. Орал қ.ПБ ҚР ҚК-нің 188-бабының 1 бөліміне сай(ұрлық) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Орал қ.ПБ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу