8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2020 1228 0
Өзек

ТАҢҚУРАЙ ӨСІРЕМІЗ ДЕП, ЕСІРТКІ ДАЙЫНДАҒАН

 Шілде  айында Батыс Қазақстан облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп «техниканың соңғы үлгісі» бойынша жабдықталған есірткі зертханасын анықтаған болатын. Есірткі өндірушілер Теректі ауданында гараж және ауладағы үйді сатып алып, оны жасырын есірткі зертханасы етіп жабдықтаған. 

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтың айтуынша, 1965 және 1967 жылы туған Украиинаның екі азаматы сату мақсатында облыс аумағында синтетикалық есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын жасаумен заңсыз айналысқан. Күдікке іліккен шетелдіктер жазда өңірге таңқурай шарушылығын қолға алу мақсатында келген.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен БҚО бойынша ҰҚК департаментінің мамандары бірлесіп, БҚО Теректі ауданының аумағында орналасқан есірткі зертханасының көзін жойды. Олар гараждың ішінде есірткі зертханасын жабдықтаған. Айта кеткен жөн мұндай трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ фактісі біздің облысымызда бірінші рет тіркеліп отыр. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында олардың зертханасынан 30 кг астам синтетикалық есірткі заттарын 31 кг дайындау үшін реагент тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, 264-бабының 1-бөлігі және 301-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізілуде.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»