8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Желтоқсан 2019 1588 0
Қоғам

«ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЭСТАФЕТАСЫ – ЖҰБАН ЕЛІНДЕ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде  «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы басталған болатын. Желтоқсанның 20-сы күні  аталмыш эстафетаны оралдықтар Ақжайық ауданына, яғни Жұбан еліне   салтанатты түрде табыстап қайтты.

Эстафетаны тапсыру рәсімі түске дейін «Хакатон» форматында бір мезетте бес диалогтық алаңда өтіп, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, БҚО ҚХА барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері, аналар мен ақсақалдар кеңестері, кәсіпкерлер, ғылыми-сараптамалық топ пен Ассамблея кафедрасы, Ассамблея жұмысына өз үлестерін қосқан құрметті және белсенді азаматтар «Қазіргі замандағы Елбасының рөлі мен ерекшелігі, оның жастар тәрбиесіне патриоттық сезім қалыптастыруға қосқан үлесі және облыстық Ассамблеяның жұмысындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Аудандық әкімдікте өткен «Хакатон» форматындағы бірінші диалогтық алаңда – БҚО ҚХА Орал қаласының және Ақжайық ауданының қоғамдық келісім кеңесінің белсенді мүшелері бас қосты. Орал қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  Михаил Мозжухиннің төрағалығымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі» тақырыбында өткен жиында  қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдағы күрделі мәселелерді шешудегі рөлі, азаматтық қоғам институттары мен билік органдарының өзара іс-қимылын, мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму шараларын орындауына қоғамдық бақылау жасауы кеңінен талқыланды. Осы сәтте екінші  диалогтық алаңда Орал қаласы мен Ақжайық ауданының ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшелері «Ата сөз – бата сөз» – «Батамен ел көгерер» тақырыбын қаузап, ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, адалдық пен әділдікке, адамгершілікке үндеуді мақсат етті.  Жиында ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі  бағыттары, аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлінің төмендеуінің себеп-салдары, Отбасы институтын қалыптастырудағы, қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешудегі ақсақалдардың рөлі туралы келелі ойлар айтылды.

Үшінші диалогтық алаңда БҚО ҚХА Орал қаласының және Ақжайық ауданының аналар кеңесінің белсенді мүшелері аудандық кітапханада мағыналы кеңес өткізді. БҚО ҚХА облыстық аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалинаның төрайымдығымен өткен жиын   Мемлекет басшысының  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі БҚО ҚХА аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары мен мәселелерін талқылауды көздеді. Шара барысында  отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған жұмыстар, отбасы институтын дамыту, ажырасудың алдын алу, ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды анықтау мәселелері, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету аспектілерімен қатар, масылдық көңіл-күйді төмендету, еріктілер мен қайырымдылықты кешенді дамытудағы Аналар кеңесінің, жастардың қалыптасуындағы ұлттық тәрбиенің рөлі, балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жас отбасындағы жиі кездесетін мәселелерді аныктап, әдістемелік нұсқаулық дайындау мәселелері жан-жақты көтерілді.

Төртінші диалогтық алаңда «ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы мен БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің Ассамблеяның жұмысына қосқан үлесі мен бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелері туралы ой өрбіді. БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов бастаған топ  Орал қаласы және Ақжайық ауданының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенді мүшелері, мемлекеттік органдар, ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері өзге ұлт өкілдері арасында толеранттылық пен өзара сыйластық атмосферасын орнату мақсатында өңірлерде тұратын барлық этностардың тарихи, мәдени-рухани мұрасын сақтау бойынша үйірмелер, секциялар, орталықтар құру жайын сөз етті. Сондай-ақ қалалық және аудандық өңірлерде этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және өз ана тілдерін оқытатын курстарды жандандыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бойынша ассамблея институтын және Елбасының саясатын одан әрі дамыту туралы ой бөлісті.

Ал бесінші диалогтық алаңда облыстық ҚХА Орал қаласының және Ақжайық ауданының белсенді қоғамдық медиаторлары «Медиация және дебаттар: жанасу нүктелері» тақырыбында пікір алмасты. БҚО ҚХА «Татуласу» орталығының басшысы Алуа Ракишеваның айтуынша, адамдар дауды келісім бойынша шеше алмайды және татуласу әдістері туралы білмейді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің шарттарында медиаторларға сотқа дейін міндетті түрде жүгіну туралы ескертпе болуы тиіс. Бүгінгі күні медиаторлар мен адвокаттар бөлек жұмыс істейді, сотсыз дауларды шешу бойынша ортақ күш-жігер жоқ, азаматтардың даулы мәселелерін шешу үшін бірыңғай диалог алаңы жоқ. Адвокаттар тараптардың татуласуы кезінде медиаторларға кедергі жасайды. Осы жайттар медиаторлардың талқысына салынып, ұсыныстар қабылданды.

Түстен кейін жұртшылық Ақжайық ауданының мәдениет сарайында Орал қаласының өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасын зор ықыласпен тамашалап, бір сергіп қалды.

– Ардақты Ақжайықтықтар! Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың атынан шын ықыласпен сәлемін жолдаймын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын Орал қаласы әкімінің атынан Ақжайық ауданына табыстау рәсіміне қош келдіңіздер. Өзеннің бойында орналасқан, сегіз ауданмен шектескен, тоғыз жолдың торабындағы күретамыр жолымызда орналасқан Жұбан еліне  ат басын бұрып келдік. Халықтың бізге деген ілтипаты ерекше болды, ризамыз. Бүгінгі шара тек мерекелік шара ғана емес, облыс орталығынан Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері бастаған, қоғамдық келісім кеңесі қоштаған керемет пікірталас алаңы өтті. Алаңда бес тақырыпта облыс орталығы мен Ақжайықтың  тұрғындары өз ойларын ортаға тастап, әрі қарай мемлекетіміз, қоғамымыз қалай дамиды, қоғамды қалай құрамыз деген бағытта пікірлерін білдірді. Тәжірибе алмасты. Бұл алаңда ертеңгі болашағымыз туралы ашық алаң болды деп есептеймін. Сыни пікірлер де болды. «Сын түзелмей, мін түзелмейді», «Ауруын жасырған өледі» дейді. Сондықтан ашық пікірталас тудыруға тырыстық. Сіздерге арнап қала өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ақ Жайығымыз дами берсін. Жұбан барша қазаққа ортақ ақиық ақынымыз. Келер жылы Жұбанның 100 жылдығын тойлаймыз. Ең басты құндылығымыз – бірлік, ұлт тұтастығы. Бәріміз ұлт болып ұйысып, ел тағдырына жауап береміз. Сондықтан осындай шаралар өзгелерге үлгі болсын. Баршамыз бірге болайық. Әрі қарай Ақжайық ауданы оңтүстік аудандарға эстафетаны табыстайды, – деп салтанатты шараны түйіндеген Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов 28 қарашада облыс орталығында аталған экспедиция БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы өкімімен бастау алғанын,  сол жерде облыс әкімі Ғали Есқалиев қала басшысы Абат Абайұлына бірлігіміздің символы ретінде «Біз біргеміз» кітабын табыс еткенін, кітаптың бірінші парағында «Игі істер эстафетасы» белгіленгенін тілге тиек етіп, осы кітапты Ақжайық ауданына салтанатты түрде табыс етті.

Өз кезегінде Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов: – Келер жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтеді. Осыған орай «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын Орал қаласынан қабылдап алдық, бұл үлкен жауапкершілік. Таңертеңнен бері аудан орталығында толассыз шаралар өтуде. Басты мақсат – еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін халыққа ұғындыру болды. Елдің атынан қонақтарымызға, өнерпаздарға алғыс білдіремін. Алдағы жыл ауданымыз үшін өте мағыналы жыл. Өйткені ақиық ақын, жерлесіміз Жұбан ақынның 100 жылдығын атап өтеміз, – дей келіп оралдықтарға Алғыс хат пен аудан эмблемасын  табыс етті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
199 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
201 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
672 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
749 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
764 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
789 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
806 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1174 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1303 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1335 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1611 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1617 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1751 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2042 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2142 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2166 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2377 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»