ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ: І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 1149 ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
БҚО-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөнінде іс-шаралар мен медиажобалардың мазмұндық негізін түйінді оқиғалар, фактілер, адамдар, цифрлар құрайтын болады. Бұл туралы бүгін, 23 шілде күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтылды.
Мерейтойлық жылдың бірінші жартыжылдығында облыста санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 мыңнан астам адамды қамтитын 1149 іс-шара ұйымдастырылған. Оның ішінде республикалық деңгейде 6, облыстық деңгейде 148, қалалық және аудандық деңгейде 968 іс-шара өткізілді.
Атап айтқанда, Сырым ауданының орталығы Жымпитыда 3 бағыттан тұратын дәстүрлі «ІV республикалық Қадыр оқулары» байқауы өткізілсе, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай белсенді жеңіл атлеттер, өңірдің жас велошабандоздары, жаяу марштағы әскерилер және байдарка есуден олимпиада қатысушысы Александр Дергуновтың қатысуымен ауқымды көлемдегі «Желбіре, көк байрағым!» ту беру эстафетасы оздырылды. «Жас сарбаз» сыныптары оқушыларының арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау, оқушыларды әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдыландыру мақсатындағы әскери-спорттық ойыны мерейтойға арналды. Сонымен қатар, иллюстративті кітап көрмелері, балалар және жасөспірімдер, жастар театры, өлкетану фестивальдері ұйымдастырылды.
Сондай–ақ облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Қадырәлиевтің мәліметінше, «Ел тарихы» атты деректі фильмдер дайындалуда. Апта сайын «AQJAIYQ» телеарнасында «Тәуелсіздік шежіресі» – «Достояние республики» айдарымен бейнероликтер көрсетілуде. Жергілікті арналарда Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы жүріп өткен жолы жайында сюжеттер көрсетілуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен азаматтық қоғамның ұйытқы болуымен Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы тарихи рөлін көрсету мақсатында Тәуелсіздік идеясының құндылықтары негізінде қоғамды одан әрі топтастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілген. Ал республикалық «Қайырымды істер марафоны» жобасының аясында облыс бойынша жыл басынан 10 578 адамды қамтыған 565 шара ұйымдастырылып, 5143 тұрғынға қолдау-көмектер көрсетілді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің стратегиялық құндылықтарын ілгерілету шеңберінде мәдени-бұқаралық іс-шаралардан басқа, әлеуметтік объектілерді, агроөнеркәсіптік кешендерді, бизнес кәсіпорындары мен тұрғын үйлер салтанатты түрде іске қосылды. Мәселен, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 спорт кешені салынса, Астана күніне орай облыс бойынша 90 пәтерлі 1 үй, 2 балабақша, 8 балалар ойыны алаңы, 3 спорт нысаны, 1 жылыжай комбинаты және 1 жатақхананың ашылу рәсімі өтті. Аумағы 5 гектарды жерді құрайтын өңірдегі алғашқы өндірістік жылыжай комбинаты ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Елорда күніне орай 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені және дзюдо орталығы ашылды. Жеке қаржыландыру арқылы 100 адамдық жұмыс орнын құрайтын «КВАНТ» жиһаз фабрикасының құрылысы іске қосылды.
Екінші жартыжылдықта жеке қаржыландыру арқылы көлемі 11,8 гектар болатын Жылыжай кешені, күн панельдерін шығаратын өндіріс және сүт тауарлары фермасын іске қосу жоспарланған.
– Алдағы уақытта өтетін іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер қозғалысы, «Nur Otan» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының этно мәдени орталықтары және жастар кеңінен тартылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталық алаңдарды, мекеме ғимараттарын, көшелерді безендіру жұмыстары жүргізіліп, облыстың белсенділері мен қоғамдық пікір көшбасшыларының, үкіметтік емес ұйым мүшелерінің ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ой – пікірлері БАҚ-та кеңінен жарияланады, – деді спикер.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу