8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2021 1542 0
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА БҚО-ДА 68 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін фейсбуктағы БҚО білім басқармасының BQO BILIM News парақшасындағы тікелей эфирде басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында білім саласында атқарылған жұмыстар туралы туралы айтып берді. 

 

–  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді. Бұл мақалада Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Елбасының дара көшбасшылығының арқасында толағай табыстарға қол жеткізгенімізді атап өтті. Сондай-ақ, егемендігіміздің тұғыры берік болуына халқымыздың даналығы мен парасаты, бірлігі мен ынтымағы, қажырлы еңбегі үлкен сеп болғанын жазды. Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – үш құндылықты көздің қарашығындай сақтау керектігін мәлім етті. Ол – байтақ жеріміз, қастерлі тіліміз бен береке-бірлігіміз деп атап өтті. Мақаланың «Ұлағат пен ұстаным» бөлімінде, азаматтық қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналды. Білім мен біліктің дәуірі – ХХІ ғасырда қазақ халқы да технологиядан қалыспай, әр адам өзін жетілдіріп, жаңа кәсіпті игеріп, ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс деп көрсетілген, – деп бастады Айгүл Әділгерейқызы өз баяндамасын.

Тәуелсіздік жылдарында білім саласына ерекше назар аударылып, Қазақстан Республикасынды білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Басқарма басшысының баяндауынша, осы жылдар ішінде  өңірде 33 860 орындық 68 мектеп пайдалануға берілген.  Бюджеттен жүйелі түрде қаржының бөлінуі есебінен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаны жетілдірілуде.

Оған қоса Тәуелсіздік жылдарында  балабақшалар санының өсуі, мектеп жасына дейінгі балалар үшін жаңа үлгідегі ұйымдардың ашылуына байланысты мектепке дейінгі білім беру саласы жандандыру басталды. Өткен жылдарда мектепке дейінгі ұйымдар желісі қалпына келтіріп ғана қоймай олардың санын 515 бірлікке дейін көбейтілді. Осы жылдардың ішінде 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 18,1 пайыздан  76,3 пайызға дейін өсті.

Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесінен мектептерге жаңа оқу бағдарламасы енгізіліп, оқушылар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Тәуелсіздік жылдарында 27 инновациялық бағыттағы мектептер ашылып, соның ішінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер,  «Білім – инновация» және  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бар.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
102 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»