8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Желтоқсан 2020 1154 0
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ КҮНІ 180 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

       Бүгін Елбасының тапсырмасымен жүзеге асқан «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша Зашаған кентінде бой көтерген 9 қабатты 180 пәтерлік үйде басталған қоныстойға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев арнайы келіп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.  

Жалпы көлемі 10 609 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «ТасқалаТрансгаз» ЖШС  жүргізген.

– Баршаңызды бүгінгі еліміздің ұлық мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Егемен ел атанғанымызға небары 29 жыл. Әрине тарихи тұрғыдан 29 жыл аз уақыт болғанымен, осы жылдар ішінде талай жетістіктерге жеттік. Алда алар белестеріміз де көп. Бұл үшін 29 жыл ішінде қалыптасқан белестерді сақтап қалуымыз керек. Ол – елдің тұрақтылығы, халықтың татулығы. Мерекемен тұспа-тұс жаңа пәтер алып жатқан тұрғындарды қуаныштарымен құттықтаймын.  Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін біз мемлекетімізде арнайы бағдарламаларды іске асырудамыз.  Қолжетімді тұрғын үйлер салуға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы Елбасының тапсырмасымен бірнеше жыл бұрын басталғанын білесіздер. Осы аймақ 4-5 жыл бұрын жазық дала болатын. Аз уақыттың ішінде қаншама зәулім үйлер салынуда. Бәрі де халықтың игілігі үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек. Бұл несие арқылы алынған үйлер. Біріншіден мемлекет несиенің қолжетімділігін қамтамасыз етті. 5 пайызбен алынған несиені 15-20 жылдың ішінде қайтаруға мүмкіндік бар. Екі бөлмелі пәтерлер үшін айына 60 мың теңге төленеді. Бұл сіздердің жеке үйлеріңіз болады. Екіншіден, сіздер үшін бір шаршы метрі 140 мың теңге болса,  мемлекет үшін шаршы метрі 215 мың теңгеге шықты. Біз мердігерге бір шаршы метрге 188 мың теңге төлеп отырмыз. Оның ішіне инфрақұрылым, ауланы абаттандыру жұмыстары кіреді. Бұл мемлекеттің халықты қолдауы, – деген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы қуанышқа кенелген отбасыларға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы ай сайын салым жинап, көптен күткен баспанасына қол жеткізген Айгүл Еркештаева  мемлекеттік бағдарламаның тиімді тұсын ұтымды пайдалануға болатынын жеткізді. – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арманыма орындалды. Үш жыл бұрын «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен» депозит аштым. Ай сайын жалақымның бір бөлігін осында салып отырдым. Міне, бүгін екі бөлмелі пәтердің кілтін қолыма алып, қуанып тұрмын.  Екінші қабат, үйім жылы, кең, жөндеуі жақсы жасалған. Аумағы 61 шаршы метрді құрайды. Бүгінге дейін баспанамның жарты құнын жинадым. Сондықтан енді ай сайын небары 38 мың теңге төлеп тұрамын. Бұл жас жанұялар үшін зор мүмкіндік, – дейді ол.

Бұдан соң өңір басшысы шаңырақтарды аралап, қуаныш иелеріне «Құтты болсын!» айтты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
286 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
294 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
427 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
720 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
819 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1057 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1326 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1554 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1590 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1742 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1938 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2161 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2249 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»