ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАДЫ
Өткен жылы облыс су айдындарында 25 суға бату фактісі тіркеліп, 29 адам қаза болған, оның сегізі бала. 16 адам құтқарылса, оның сегізі бала. Биыл балық аулау кезінде орын алған бір суға бату фактісі тіркелді. Көп жағдайда тұрғындардың арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуы, ішімдік ішкен күйі суға түсуі, балық аулауға тыйым салу кезеңінде өзен жағалауы қайғылы жағдайға себеп. Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев мәлімдеді.

Департамент басшысының сөзіне сүйенсек, облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында 69 орын анықталған. Өңірімізде су айдындарында жаппай демалу үшін талапқа сай тоғыз жағажай қарастырылған. Үшеуі – Орал қаласында, үшеуі – Бәйтерек ауданында және үшеуі – Теректі ауданында. Қаладағы «Металлист» және «Коминтерн» жағажай қызметтерін жабдықтау инвестициялық жобада тұр, ал облыс аудандарында көпшілік демалатын су айдындарында жағажай қызметтерін жабдықтауға кәсіпкерлерді тарту жұмыстары жүргізілуде екен. Қазіргі таңда қауіпті аймақтарда 308 тыйым салу белгісі және 151 ақпараттық стенд орнатылған, қазіргі уақытта қосымша белгілерді жаңарту және орнату жалғасуда. Облыс аумағында 19 жазғы балалар лагері болса, соның алтауы су қоймаларына жақын орналасқан. Сүңгуірлер «Евразия» туристік-сауықтыру кешені мен «Самал» туристік лагері аумағында балаларды жазғы мезгілде жүзуге үйретуді жоспарлап отыр. Карантин аяқталған соң Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен өзге де жағажайларда ұйымдастырылмақ. Су айдындарындағы төтенше жағдайдың алдын алу үшін 72 құтқарушы, 21 жүзу құралы, бір катер және 15 автокөлік сақадай-сай тұр.
Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірге карантиндік іс-шаралар аяқталғаннан кейін адамдар көп шомылатын жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізуді жоспарлады. Патрульдеу кезінде суға шомылып жүрген азаматтарға ескерту сипатындағы әңгіме жүргізіліп, судағы қауіпсіздік шаралары туралы парақшалар мен буклеттер таратылады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу