8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2019 1944 0
Қоғам

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР РЕЙД ЖҮРГІЗУДЕ

     БҚО ТЖД бастығының бұйрығына сай 4 ақпаннан бастап облыс аумағында «Улы газға жол жоқ!» акциясы басталды. Акция аясында департаменттің 100-ден аса қызметкері мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандары, БҚО жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 9 ақпан күні №1, 2, 3 саяжай қауымдастықтарындағы тұрғын үйлерді аралап шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Үй аумақтарын аралау 4 наурызға дейін жалғасады.

Үйлерді аралау барысында мамандар жылыту пештерінің, газ жабдықтары мен электрлі жылыту аспаптарының жай-күйін тексерді. Иіс тиюдің алдын алу үшін мұржаны жиі тазалау ұсынылды. Тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтау талаптарына қатысты мәдениетін көтеру, өрт туындаған жағдайда әрекет ету жолдары және тиісті қызметтердің байланыс нөмірлері жазылған жадынамалар таратылды. Бұл ақпараттық жұмыстарға еріктілер де атсалысты.

– Қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтау назарда болуы тиіс. Ашық тұрған электр сымдары, пештегі жарық саңылаулары, газдың кемуі өрттің тұтануына себеп болады. Адам – өмірі қымбат. Сондықтан департамент тарапынан ескерту жұмыстары жүйелі жүргізіледі, – дейді облыстық ТЖД бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мирас Әлекешов.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
147 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
132 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
359 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»