ТӘРТІПКЕ САЛҒЫРТ ҚАРАҒАН ТӘУЛІКТІК ПӘТЕР ИЕЛЕРІ ҰСТАЛДЫ
Орал қаласында 31 наурыздан бастап карантин жарияланды. Төтенше жағдай режимі мен карантин жариялаудағы басты мақсат-қауіпті індеттің таралып кетуін тоқтату. Сондай-ақ, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жарияланды. Тәртіп барлығымызға ортақ, сол тәртіпке бағынамыз. Алайда, төтенше жағдайдың талаптары мен шектеулеріне бағынбайтындар да бар.

Бүгінгі күні Орал қаласында 1454 тәуліктік пәтер бар екен. Кеше, 2020 жылғы 14 сәуірде бірнеше тәуліктік пәтерлердің иелері ұсталды. Себебі, бұл пәтерлерде ұрлық фактілері тіркеліп үлгерді. Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 2 тәуліктік пәтер иесін тәртіп сақшылары анықтап, ұсталды. Оларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Тәуліктік екі пәтер қожайыны Орал қ.ПБ арнайы қабылдау орынына қамалды. Жалдамалы пәтерге кіріп, ойына келгенін жасап, ұрлыққа жол берген күдіктілер де тәртіп сақшыларының құрығына ілінді.
Нақтырақ айтсақ, 2020 жылғы 9 сәуірден 10 сәуірге қараған күні 1992 жылғы Е. есімді белгісіз тұлға «Жеңіс» шағын ауданындағы тәуліктік жалдамалы пәтерді жалға алып, корпусы қара түсті «Самсунг» маркалы телевизорды ұрлап, пәтерден шығып кеткен. Пәтерді жалға берген 1986 жылғы иесіне 500 мың теңге материалдық залал келді. Ұрлық жасаған тұлға ұсталып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабымен Орал қ.ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы күдікті 8 -10 сәуір аралығында «Гагарин» көшесіндегі жалдамалы пәтерде болып, еркін түрде пәтер ішіндегі корпусы қара түсті «Самсунг» маркалы телевизорды құшақтап, үйден шығып жүре берген. 1980 жылғы пәтер иесі Т. есімді азаматшаға 250 мың теңге шығын келді. Телевизор ұрлауға құмар Е. есімді күдіктінің 3 ұрлық жасағаны анықталып, ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды. 5-9 сәуір аралығында белгісіз тұлға «С.Тюленин» көшесіндегі жалдамалы тәуліктік пәтерлердің бірінде болып, корпусы қара түсті «Хайер» маркалы телевизорды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицияға шағымданған Орал қаласының тұрғыны 1996 жылғы А. есімді пәтер қожайынына 90 мың теңге шығын келді. Көп кешікпей ЖПҚб инспекторлары мен КПб жедел уәкілдері 1993 жылғы Т. есімді күдіктіні ұстады. Бүгінгі күні төтенше жағдай кезінде шектеулер мен талаптарға салғырттықпен қараған тәуліктік пәтер иелері де, ұрлық жасаған күдіктілер де нақты анықталды. Қай-қайсысы да заң алдында жауапталады.
Орал қ.ПБ қала ішіндегі тәулікке жалға беретін пәтер иелерінің карантин кезіндегі шектеулерді қатаң сақтап, барлық талаптарды орындауларын сұрайды.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу