8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2019 4223 0
Қоғам

«ТӨРТІНШІ БИЛІК» ӨКІЛДЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

          Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бүгін өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Облыс басшысының атап өткеніндей, қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі күннен-күнге артып келеді. Бұл ықылым заманнан бері солай десе де болады.

– Журналистер қауымы өңіріміздің әрбір елді мекеніндегі тұрғындардың ақпарат алуына, ел игілігі жолындағы жағымды жаңалықтардың жарықтануына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Күні кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін мерекелеу бойынша ел Үкіметіне қаулы жасақтауды тапсырған болатын. Бұдан былай 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде ресми аталып өтілетін болады. Бұл журналистер қауымының мемлекет тарапынан назардан тыс қалмауының тағы бір дәлелі болса керек. Облысымызда 74 бұқаралық ақпарат құралдары өзінің қызметін жүзеге асырса, оның ішінде 6 электронды бұқаралық ақпарат құралы, 52 газет, 14 журнал және 2 ақпараттық агенттік болып бөлінеді. Өңіріміздің бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы жылды айтарлықтай жетістіктермен аяқтайтынына сенім білдіре отырып, зор табыспен жетіп отырған облыстық «Ақжайық» телеарнасының 55 жылдық мерейтойын және «Жайық үні» газетінің бас редакторы Мира Хамзақызы Шүйіншалиеваның халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері атанғанын қуанышпен атап өткім келеді. Бүгінгі жаһандық даму көшінен қалмай, төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда.  Қазіргі таңда ғаламтордың қарқынды дамуы коммуникация құралдарын бір арнада тоғыстырып, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа медианың сабақтастығын күшейте түсті. Тіпті, әлеуметтік желілер БАҚ-қа бәсекелеске айналды деуге болады. Ал, жағдайдың осылай өрбуі кәсіби мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президент қызметіне кірісу салтанатты шарасы кезінде сөйлеген сөзінде «Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналды. Біз бабалар дәстүрін қастерлейтін, жаһанның озық жетістіктеріне ұмтылатын халықпыз.  Бұл – біздің күш-қуатымыздың діңгегі. Біз қуатты әрі гүлденген Қазақстанның өркендеуі үшін бірге еңбек етеміз» деген болатын.  Бұл жұмыстарда, біздің ең жақын әріптестеріміз сіздерсіздер. Мемлекеттік ауқымдағы реформаларды халыққа түсіндіруде де, ақпарат құралдары аянбай қызмет етуде. Өз кезегінде тұрғындардың проблемасын ашық көрсетіп, атқарушы органдар назарына да жеткізіп келесіздер. Ақпарат құралдары меншік иесінің кім екеніне қарамастан, барлық ақпарат құралдарының миссиясы біреу ғана. Ол халықты мемлекеттің жұмыстарымен ақпараттандырып, тұрғындардың проблемаларын мемлекеттік орган назарына жеткізу. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір қызметі деген – осы болса керек. Қай кезде де қалам ұстаған жандардың көтерер жүгі жеңіл болмаған. «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген қанатты сөз тіркесі ХХІ ғасырда да өзектілігін жоймай,  жаңа жаһандану дәуірінде ауқымын кеңейтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтық қоғамды одан әрі дамытуда айқындаушы рөлін арттыра түсуде. Біздің еліміздің жеткен жетістіктерінде сіздердің қосқан үлестеріңіз қомақты. Алдағы уақытта алдымызда жоғары міндеттер тұр. Оларға жету жолында бұқаралық ақпарат құралдардың рөлі өте зор. Қаламдарыңыз мұқалмай еңбекте табысты, отбасыда бақытты болыңыздар, – деп кездесу барысында «төртінші билік» өкілдерін мерекелерімен құттықтаған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы журналистерге Мемлекет басшысының Алғыс хаттарын тапсырып, сала ардагері Айтқали Нəріковке «Құрметті журналист» төсбелгісін, бір топ əріптестерге арнайы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров, БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Иденов, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының м.а А.Серғалиева, БҚО Дін істері басқармасының басшысы М.Раманқұлов қаламы үшкір, ойы жүйрік журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады. Олардың қатарында «Жайық үні – Жизнь города» газетінің қызметкерлері де бар. Сөз алыбы Шерхан  Мұртазаның тілімен айтқанда,  «арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеген жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

     

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
76 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
191 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
442 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
703 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
941 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
976 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1129 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1325 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1555 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1643 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1754 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1761 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1792 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1795 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1899 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2119 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»