Төрт баланың әкесін өлтіргендер сотталды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 4 баланың әкесін айуандықпен өлтірген 4 күдіктіге үкім оқылды. Қанды оқиға өткен жылдың қараша айында тіркелген. Марқұм Михайл Крайнов пен оны өлтірді деп күдікке іліккен Сысоев 2021 жылдың 25 қарашасы күні шамамен 18.00-де Бәйтерек ауданы Январцев ауылында арақ ішкен. Кейін олар сөзге келіп, Сысоев жерде жатқан үшкір темірмен оны ұрып құлатып, есінен тандырған. Содан соң жіппен қылғындырып өлтіреді. Михайл Крайнов тұншығу салдарынан жан тапсырып, көңіл көтерудің ақыры қанды жағдаймен аяқталған. Ал Сысоевқа оқиға орнында бірге болған Былинкин мен Соколов және Стоякиндер ауыл жанындағы өзенге мүрдені салып жіберуге жәрдем береді. Қанды қылмысқа сеп болғандардың алды 11, соңғысы 3 жылға дейін темір торға тоғытылды. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асланбек Дүйсенғалиев мәлім еткендей, А.Сысоев ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. – Сонымен қатар қылмысты жасырғаны үшін А.Былинкин ҚР ҚК 432-бабына сәйкес 4 жылға сотталды. Оның іс-әрекетінде қылмыстың қайталануы (бұдан бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген) ескерілді.Сол секілді В.Соколов пен В.Стоякин осы бапқа сәйкес 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Сотталушылардың бәрі де жазасын қауіпсіздігі барынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады,- деді БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асланбек Дүйсенғалиев.
Күдіктелер мәйітті өзенге ағызып жібергеннен кейін мүрде бес күннен соң табылады. Ал шығарылған үкімге марқұмның туыстары келіспейтіндерін жеткізді. Олардың айтуларынша, ұйымдасқан қылмыстық істі жасағандарға бұл жаза тым жеңіл. – Біз бұл үкіммен келіспейміз. Бұл істе куәгерлердің пікірі мүлде ұмыт қалдырылған. Біздің пікірімізге ешқандай құлақ түрілмеген. Сол себепті біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз,- деді марқұмның апасы Клавдия Крайнова. Ал сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу