8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2020 1612 0
Өзек

ТӨРТ АЙ БОЙЫ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН

 Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шаралары барысында 4 ай бойы ұрлық жасап, қылмыспен айналысқан әккі топты құрықтады. Бұл туралы Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл топтың құрамындағы Б. және К.есімді Орал қаласының тұрғындары қаланың бірнеше аудандарын, соның ішінде «Асан» мен «Самал» ықшам аудандарын аралап, гараждарды нысанаға алған. Гараждардың есігін темір ломмен қайырып, сындырып ашып, гаражға кірген. Гараж ішіндегі қолына іліккен құрылысқа қажетті түрлі құрал-саймандарды ұрлаған. Ол жерден ұрлауға лайықты жеке мүлік таппаса, жарлас салынған үйдің есігін бұзып, үй ішіне кірген. Үй ішінен де көзіне ілінген алғашқы құралдарды жымқырып, оқиға орынынан ілезде тайып отырған. Кейбір саяжай қоғамдарындағы саяжайлардың есігін қиратып, бірнеше тұрмыстық техникаларды көтеріп шыққан.
Топ құрамындағы бұл екі жігіт Орал қаласының тұрғындары, бұған дейін бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін, сотталған көрінеді. Осы қылмысқа қатысты жеке мүлік иелеріне өте көп мөлшерде материалдық залал келгені тәркіленген заттарды көргенде-ақ білінеді.
Қазіргі күні Орал қ.ПБ КПб мүліктік қылмыстарды ашу тобының жедел уәкілдері айғақ заттардың барлығын қос күдіктіден тәркілеп, Орал қ.ПБ-на жеткізді. Үйіне немесе гаражына, саяжайына ұры түсу фактісі бойынша шағымданған иелері басқармаға хабарласып, аяқтай келіп, өз заттарын танып алуда. Басқарма ҚР ҚК-нің 188 бабының 3-тармағына сай 10 эпизодпен қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел уәкілдердің кәсіби шеберліктері мен тынымсыз іздестіру жұмыстары өз нәтижесін берді деген осы. Жеке мүліктерінен айырылған бірнеше азаматтар заттарын танып, полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтуда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»