8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2019 2549 0
Өзек

ТӨРТ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

БҚО-да құтқарушылар 4 адамды құтқарды. Оның екеуі бала.

9 шілде күні сағат 17.05-те БҚО ТЖД дағдарыс жағдайларда басқару басқармасының «112» нөміріне Теректі ауданы Сарыөмір ауылы Шалқар көлінде үрлемелі қайықта отырған азаматтарды жел белгісіз бағытқа ығыстырып кетті деген хабар келіп түсті. БҚО ТЖД «ЖҚЖ» ММ-нің №5 құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Асылбек Майтанов пен Аслан Алдияровтың бір жолға қойылған кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында сағат 17.45-те жағадан 6 шақырым қашықтыққа жүзіп кеткен 2008 жылы дүниеге келген Н.Мереева, 2011 жылы дүниеге келген Н.Нуриман, 1986 жылы дүниеге келген А.Мереев пен С.Наурызғали (жағдайлары орташа, медициналық көмекке мұқтаж емес) табылып құтқарылды.

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қала және облыс халқына судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ЕСКЕРТЕДІ:

– жағажай болмаған жағдайда, қауіпсіз және рұсат етілген жерде ғана суға шомылыңыз, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Таныс емес жерлерде сүңгімеңіз, себебі су түбінде қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Суға шомылар алдында демалып алған жөн. Тамақтанып болысымен және масаң күйде суға шомылмаңыз.Қалтырай бастасаңыз суда шомылуды тоқтатыңыз. Тәулігіне 2 рет қана таңертең және кеште суда шомылу ұсынылады.

Жүзу кезінде дененің тырысып қалуы мүмкін. Тырысулар бұлшық еттің салқындауы және кенеттен қатты қозғалу кезінде басталады. Аяқ-қолыңыз құрысқан кезде көмекке шақырыңыз. Егер судың бетіне шығу мүмкін болмаған кезде, келесідей іс-әрекет жасаңыз:

-қолыңыздың саусақтары құрысып қалған кезде, жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды бір жаққа қарай серпе, лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз;

– балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз.

Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере демалып, иірімнің астына сүңгіңіз. Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып, жағаға қарай жүзіңіз.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»