8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2019 1909 0
Қоғам

ТӨРАҒА ШЕКТЕН ШЫҚТЫ

            Ет бұзылса тұз себеді, тұз бұзылса не себеді? Орал қаласының іргесіндегі «Зачаганский» бау бақша серіктестік саяжай қоғамының төрағасы көшені тегістеуге бөлінген ескі асфальтты үйінің алдына төсеп алған. Бұған ашуланған тұрғындар төрағаны сотқа беріпті. Олардың сөзінше, күн райы бұзылса, жолсыз жермен жаяу адам түгілі, көлік жүре алмайды. Қыста қарға малтығып, жаңбыр жауса белшеден батпаққа батады.

Тұрғындар  төрағаның қылығы шектен шыққанын айтады. Бірақ кімнен көмек сұрарын білмейді. Өйткені бұл жер саяжай болғандықтан, жол салу қарастырылмаған. Ал ебін тауып, әрең алған ескі асфальт төрағаның ауласына төселді деп шағымданады тұрғындар. Сол себепті ашынған халық  оны сотқа бергендерін айтады.  Осы орайда «Құс фабрикасы» аталып кеткен ауданның халқының сөзін саяжай қаумдастығының төрағасы теріске шығарды. –  Ол – қате әңгіме. Біз қазір айтып отырған Бейбітшілік көшесімен №3 қоғамдық көлік жүріп жатыр. Автопарктың сұранысы бойынша шоқалақ, тегіс емес жер болатын. Соны тегістеу бағытында жасалған жұмыстар. Олардан жазылған хаттар бар ,– дейді саяжай қоғамының төрағасы Асылбек Қабесов. Бізбен кездескен тұрғындар мәселенің мәні тереңде жатқаның жеткізді. Олар көмек сұрап біраз табалдырықты тоздырыпты. Тіпті қала мен облыс әкімдеріне дейін шағымданып, мәселінің мән-жайын түсіндірген. Сол себепті көктем мен күзде  толарсақтан саз кешіп, тілерсектен су кешетін халықтың бұл мәселесі сала басшыларына таныс. Бұл бір ғана саяжайдағы мәселе. Мұнда жол салуға нақты қаражат бөлінбейді.  Сол себепті жол жайының қашан және қай кезде шешімін табарын нақты ешкім дөп баса алмайды. Жоғарыда аталып өткендей, жағдайды сала мамандары жақсы біледі. Сол себепті биыл ескі жол құрылысынан қалған материалдардан 1 шақырым қоғамдық көлік жүретін жолдарға қара жабын төселген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді мамандар.

Жол мәселесі саяжай ғана емес, қала маңындағы елді мекендерге де жақын маңда  салынуы екіталай. Орал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Меңеевтің айтуынша,  биыл жөнделуі тиіс 50 көшенің жобалау құжаттарынан шикілік шығып, кері қайтарылыпты. –Жобалау-сметалық құжаттарында қателік кеткен. Соны анықтап, қазір қайта қарастырып, сараптаудан өткізіп  жатырмыз.  Конструктивтік жағынан, тротуарлардың кейбір жерінен қате кеткен. Басқа да қателіктері бар. Сол себепті қазір қайта қарау жұмыстары жүріп жатыр, – деді Айдар Меңеев. Биыл қала көшелерін жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде соның 77 пайызы игеріліпті. Дегенмен шаһардың шеті түгілі, орталықтағы көшелердің тең жарымында асфальт жоқ.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
239 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
276 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
437 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
628 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
873 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
951 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1058 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1064 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1091 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1103 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1209 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1423 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1741 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1623 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1733 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1723 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1853 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1900 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1842 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1853 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»