8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2020 1749 0
Қалалықтар қаперіне

ТҮПНҰСҚА ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЛАЙ АЙЫРАМЫЗ?

Ұлттық валютаның банкноттары туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сырт жағында Ұлттық Банктің логотипі мен Төрағасының қолы қойылмаған номиналы 2 000 (екі мың) теңгелік ұлттық валютаның жасанды банкноттары туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды деген мәліметке байланысты хабарлама жасады.

2016 жылға дейін Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес ұлттық валюта банкноттарының бет немесе сырт жағында Ұлттық Банк Төрағасының қойылған қолының болуы талаптардың бірі болды.

2016 жылы Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты ұлттық валюта банкноттарында Ұлттық Банк Төрағасының қойылған қолының болуы туралы талап алып тасталды.

Осылайша, 2016 жылы Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының дизайны тұжырымдамасының аталған талабы қолданысқа енгізілгеннен кейін мына:

500 теңгелік (2017 жылғы үлгі);

1 000 теңгелік (2014 жылғы үлгі);

2 000 теңгелік (2012 жылғы үлгі);

5 000 теңгелік (2011 жылғы үлгі);

10 000 теңгелік (2012 жылғы үлгі)

ұлттық валюта банкноттарының номиналдық қатары Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылмай дайындалады және қолма-қол ақша айналысына шығарылады.

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылған, сол сияқты қолы қойылмаған айналыстағы ұлттық валюта банкноттары заңды төлем құралы болып табылады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға тиіс!

Бұл ретте алаяқтардың қармағына түсіп қалмау үшін Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылған және қолы қойылмаған ұлттық валютаның түпнұсқа банкноттарында мыналарға назар аудару жеткілікті:

• бейнелер анық, бұлыңғыр емес;

• қағаздың өзіне тән сықыры болады және ультракүлгін сәулелердің әсерінен жарық өткізбейді;

• мифтік құс – Самұрықтың бейнесін және айқындылық деңгейі жоғары номиналды бейнелейтін сутамғы белгілері жарықта көрінеді;

• банкноттың бет және сырт жағындағы беттесетін элементтер жарыққа тосып қарағанда тұтас сурет құрап беттеседі;

• банкноттың бет және сырт жағында арнайы бедерлі мөрді саусақ ұшымен сезінуге болады;

• түсі өзгеретін бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышын өзгерту кезінде бейнелердің түсі жасылдан алтын түстеске ауысады;

• жарықта біртұтас сызықты құрайтын қорғаныш үзік-үзік жіп бар.

Ұлттық Банк тұрғындарды сақ болуға және шынайы банкноттарды жасанды банкноттардан ажыратуға көмектесетін бірнеше ережелерді сақтауға шақырады.

1. Алдымен банкнотты сезіну керек. Банкнот қағазының өзіне тән сықыры болады. Банкноттарда бедер беретін арнайы мөр болады. Бұл бедерді «Қазақ елі» монументі орналасқан жерде, банкнот номиналының әріптік бейнесі, сәулет бейнелері, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздері бар жерде сезінуге болады.

 

 

 

Барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын шығыңқы жоғары бедерлі элементтер түріндегі таңбалар бар.

2. Содан кейін банкнотқа мұқият қарау керек. Банкноттың түсі анық және контрастылы болуы қажет, номиналдың сутамғы белгілері мен цифрлық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа тосып қараған жөн.

Сол сияқты банкноттың бетінде жарыққа тосып қараған кезде тұтас жіп ретінде анық көрінетін жазуы бар пунктир түріндегі біртұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аудару керек.

3. Соңында банкнотты аударып қарау керек. 1000, 2000, 5000, 10000 және 20 000 теңгелік номиналды банкноттарда түсі ауысатын бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түстеске өзгереді.

2000 және 5000 теңгелік номиналды банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер динамикалық әсермен мың құбылады.

Банкноттардың түпнұсқалығын арнайы жабдықтың көмегінсіз тез көзбен тексеру үшін сезін, қара және аударып көр әдістері жеткілікті. Бұл әдіс 5 секундтан артық уақыт алмайды және әрбір адамға банкноттардың түпнұсқалығын анықтауға көмектеседі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
142 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
474 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
567 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
811 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1077 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1304 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1343 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1493 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1692 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1919 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2006 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2118 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2122 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2158 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2156 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2263 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»