8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2019 2777 0
Өзек

ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР

30 мамыр мен 4 маусымы аралығында Орал қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның өтуіне полиция қызметкерлерімен бірге  прокуратура, «Nur Otan» партиясы, жастар ұйымдарынан  ресми өкілдері мен белсенді жастар бір кісідей атсалысты.

Іс-шара кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу  және профилактика, кәмелетке толмағандарға алкогольдi iшiмдiктердi,  темекі өнімдерін сату, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау, олардың құқықтық сауаттылықтың жоғарылату, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықпен қылмысты жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау сынды мақсаттарды көздеді.

Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау мақсатында полиция басқармасының жеке құрамы арнайы бекітілген жоспарға сәйкес қызмет атқарып, кәмелетке толмағандардың жаппай жиналатын орындарын тексеру рейдтерін ұйымдастырды.

Тексеру барысында шараның 5 күнінде Орал қ.ПБ-на және учаскелік полиция пункттеріне  61 жасөспірім жеткізілді.  53-інің әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағаны  анықталды,  қоғамдық орындарда қараусыз қалған 10 жас жеткіншек табылды, көше кезіп, қол жайып жүрген кейбір жасөспірімдер арнайы орталықтарға орналастырылды.  Шара аясында кәмелетке толмағандар қатысымен  жасалған қылмыс тіркелмеді.

Мектеп инспекторлары  53 әкімшілік құқық бұзушылықты  анықтады.

Аталған мерзім аралығында Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 127 бабы бойынша балаларына өз балаларына қатысты нақты тәрбие бермей, ата-аналық құқықтарын дұрыс атқармағаны үшін 3 құқық бұзушылық анықталды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды тұлғаларысыз ойын сауық орындарында болуларын тексеру мақсатында «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің қатысуымен  қала аумағындағы компьютерлік клубтар, кафе, барлар, кинотеатрлар тексерілген болатын. Нәтижесінде ҚР ӘҚБК-нің 200 бабы бойынша 2 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБК-нің 132 бабымен 2 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБК-нің 133 бабымен 1 құқық бұзушылық, 442 бабы 2 бөлімі негізінде 46 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 4 кәмелетке толмаған, 3 өнегесі төмен отбасы  есепке алынды. Мысалы, 28.05.2019 жылы шамамен сағат 23.30 да Жәңгірхан даңғылы №26/1 үйінде орналасқан «Зачаганск» сауда үйі сатушысының жасөспірімге  5 дана «Балтика-7»  сырасын сатқаны анықталып, ҚР ӘҚБК-нің 200 бабы 3 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

29.05.2019 жылы сағат 00.00-де №23 учаскелік пунктінің аумағында орналасқан «Сәбинұр» дүкенінің сатушысының кәмелетке толмаған 2003 жылғы жасөспірімге 1 дана «Кружка свежего»  сырасын сату дерегі анықталып, Орал қ.ПБ Шаған Пб инспекторы ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы негізінде хаттама толтырылған болатын, ал  кәмелетке толмаған Қазталов ауданының тұрғыны болғандықтан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналыстырылды.

Сонымен қатар, Орал қ. ПБ мектеп инспекторлары ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы 2 бөлімі негізінде жалпы 12 құқық бұзушылық анықтады, мысалы, 29.05.2019 жылы шамамен сағат 00.00-де Мөнкеұлы көшесінің бойында орналасқан футбол алаңында түнгі мезгілде заңсыз тұлғасыз жүргені үшін 2003 ж.т. Т есімді жасөспірім  ұсталып, оның заңды тұлғасының үстінен хаттама толтырылып, ескерту жарияланған болатын.

Жасөспірімдер тағдырына, олардың жүріс-тұрысына, мәдениетіне әлбетте ересектер жауаптымыз. Жастайынан тәрбие алған бала жас терек секілді түзу өсіп, дамиды. Олардың тәрбиесі бір күндік немесе шаралар аясында ғана шешілетін мәселе емес. Үнемі назардан шықпауы тиіс.

 

Орал қ.ПБ  

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
48 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
52 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
545 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
623 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
632 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
662 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
679 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1049 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1176 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1211 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1485 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1492 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1626 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1917 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2018 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2042 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2253 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»