8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат Zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

29 Мамыр 2019 822 0
Қоғам

ТҮНДЕРДІҢ ТӨРЕСІ, САУАБЫ САНСЫЗ – ҚАДІР ТҮНІ

 Рамазан айында ораза ұстаған иісі мұсылман қауым қасиетті Қадір түнін қарсы алады. Бұл – Құран Кәрімде мадақталған түн. Ислам ғұламаларының тарапынан, бұл ерекше түн Рамазан айының 27-ші түніне дөп келеді деген риуаяттар бар. Дін ғалымдары биыл мамырдың 31-нен маусымның 1-іне қараған түнді «Қадір түні» деп белгіледі.

Қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған Қадір түні – адамзаттың ақ пен қараны айыратын және барлық жақсылық атаулының бастау қайнар  көзі болып саналатын мүбәрак кеш.

Бұл түннің қасиеттілігі сондай, Алла Тағала осы түннің атауымен бір сүре түсірген. Ол Құрандағы «Қадір» сүресі. Сүреде Алла Тағала: «Шындығында біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. Сіз Қадір түнінің не екендігін білесіз бе?» дейді. Құранға тәпсір жасаған, яғни айшықтап берген ғұламалардың айтуынша, Алла Тағала Қадір түні жайында айтқаннан кейін, сұрақтың қойылуы – Қадір түнінің қадір-қасиетін, айрықша екендігін түсіндіру үшін қойылғаны байқалады. Сұрақтан кейін «Қадір түні мың айдан да қайырлы» деген аят жалғасын табады.

Қадір түнінде Жәбірейіл мен бүкіл періштелер жер бетіне түседі. Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде, періштелер ұсақ тастардан да көп болады» деген. Сонымен қатар ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Ал Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге көбейеді, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді»  деген екен. Сондықтан қамшының сабындай ғана ғұмырымызды құлшылықпен өткізіп, Алла Тағаланың разылығын табуды қалаған пенделер үшін ең қасиетті түн болып есептеледі.

Түннің қасиеттілігі сол, бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Раббымыз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды екен. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін екендігін айтады ғалымдар.

Біз үшін ең маңыздысы тек шынайы ықылас пен ниет. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кім де кім Қадір түнін шынайы ықыласпен, сауабын үміт ете отырып күзетсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» деген.

Ислам ғұламалары Қадір түнінде Алла Тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, ризық-несібесін жазатындығын айтқан. Оны араб тіліндегі «қадір» және «тағдыр» сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл «тағдырлар жазылатын түн» дегенді білдіреді. Қадір түнін мұсылмандар ғибадатпен, құлшылықпен өткізіп, тым болмаса тарауих намазынан кейін біршама уақытын дұғаға арнауы керек. Өйткені, бұл түні жасалатын дұғалардың қабыл болатынына нық сенім бар.

Жалпы Қадір түні жайлы айтыла бастағанда адамдар арасында оның қашан болатындығы сөз болады. Осы орайда, сол «мың айдан да қайырлы» түннің Рамазан айының қай түніне сəйкес келетіндігіне тоқтала кетейік. Жалпы, Құран мен сүннет жəне Ислам ғұламаларының пікірлеріне сүйене отырып Қадір түнінің нақты қай түн екенін екі бөлімге бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі, жалпы Қадір түні Рамазан айында екені бəрімізге белгілі. Ал сол Қадір түні Рамазанның қай күні екендігін баяндайтын ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері өте көп. Айша (р.ғ.) анамыз жеткізген хадисте: «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он түнінен іздеңдер» делінген (Сахих әл-Бухари). Осыға ұқсас пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көптеген хадистерін талдай отырып ғұламалар Қадір түні Рамазанның соңғы он түнінде, əсіресе тақ түндеріне сəйкес келуі мүмкін екенін айтады. Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  өзі де Рамазан айының соңғы он күнін мешітте иғтикафта өткізген.

Екіншісі, ислам ғұламалары жоғарыда айтылған хадистер мен өзге де ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып Қадір түні Рамазан айының соңғы он күндігінде, соның ішінде тақ күндері һəм соның ішінде Рамазан айының 27-ші жұлдызына сəйкес келеді деп есептейді. Олардың бұл пікірді алға тартуына өз дəлелдері бар. Қадір түні жайлы айтылған Құрандағы «Қадір» сүресі отыз сөзден тұрады. Бұл құдды бір Рамазан айының отыз күні іспетті. Ал сол аталмыш сүредегі Қадір түнін нұсқайтын «һиа» сөзі сүренің жиырма жетінші сөзі екен. Сондай-ақ, «Қадір» сүресіндегі Қадір түні деген мағынаны беретін арабша «лайлатуль қадр» сөзі тоғыз əріптен тұрады əрі бұл сөз сүренің үш жерінде кездеседі. Ал тоғызды үшке көбейтсек, жиырма жеті болады. Осы екі математикалық тəсілді қолданып ғалымдар Қадір түнін Рамазан айының жиырма жетінші түніне сəйкес келуі мүмкін дейді. Бұл бір жағынан Қасиетті Құран аяттарының керемет математикалық дəлдікпен орналасқанын білдірсе керек.

Осы орайда, елімізде де Қадір түні Рамазан айының жиырма жетінші жұлдызында күтілетінін айта кеткен жөн. Биыл мамыр айының 31-нен маусымның 1-іне қараған түні – қасиетті Қадір түні. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны» дейді. Алла елшісі (с.ғ.с): «Рамазан айы бойынша ақшам және таң намазын жамағатпен оқыған адам Қадір түнінен көп несібе алады» деген. Ендеше Қадір түні пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмбетіне деген терең сүйіспеншілігінен туындаған дұғасының құрметі үшін қабыл болған.

«Ал Қадір түнін қалай қарсы алған, өткізген жөн?» – деген сұраққа тоқталар болсақ, Алла Тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны ақиқат. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады.  Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан: «Уа, Алланың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?» деп сұрағанда, Ол: «Аллаһумма, иннәкә афуун, тухиббул афуа, фаафу анни» (Уа Алла Тағалам! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!)» деп дұға ету керектігін үйреткен.

Қадір түнінің қадірін білгендерге Алланың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты. Пайғамбарымыз үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе, көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн.

Қадір түнінде кейбір адамдар Қыдыр Атаны, болмаса, бір нәрсені немесе бір адамды күткендей ұйықтамай отырады. Бұл жерде ұйқысыз өткізу маңызды емес, бұл жерде Қадір түнін құлшылықпен ұйқысыз өткізу маңызды. Қадір түнінің әрбір сәтін құр жібермей, барынша ғибадат жасаған абзал.

Бұл түннің әрбір сәті алтыннан да қымбат. Әрбір сәті қымбат болғандықтан, әр пенде ауыз ашқаннан кейінгі уақытын жоспарлап алуы керек. Жоспарланбаған уақыт – берекесіз уақыт. Мысалы, мешітте «мына сағатта Тарауық намазы оқылады, осындай уақытта Құран қатымның батасы жасалады, осындай уақытта уағыз тыңдалып, осындай сағатта басқа шаралар өтеді» деп, таң атқанға дейін жоспар құрып қоямыз. Сол секілді, әр пенде Қадір түнін қалай күзетемін деп жоспарлап қоюы керек. «Ауыз ашқаннан кейін Құранның аяттарын оқимын, осындай сағат арасында мен бір қайырлы іс жасаймын, ауырып жатқан жақындарымның көңілін сұраймын, осындай сағатта пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистеріндегі амалдарды жасаймын, мынанша сағатымды мен дұға жасауға арнаймын және сол дұғамда Алладан осы нәрселерді сұраймын» деп жоспарлап қоюы керек. Осылай жоспар құрған адам ғана Қадір түнінде ұтады.

Мың айдан да қайырлы бір түннің игілігі мен жақсылығынан құр қалатын пенделер бар, оларды құр қалдыратын іс-әрекеттер бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Қадір түнінің жақсылығына құлшылық қылған барлық адамдар бөленеді, бірақ, осы төрт түрлі адам Қадір түнінің жақсылығынан құр қалады» деп ескертеді. Олар кімдер? Бірінші, ата-анасына қарсы келген, ата-анасының көз жасына қалған, ата-анасының ашуына ұшыраған адам. Екінші, туған-туыстарымен байланысын үзген адам. Үшінші, Алла Тағаланың тыйым салғанына қарамастан, арақ ішіп, маскүнем болған адам. Төртінші, ызақор, кек сақтап, араз болып жүрген адам.

Сондықтан, ата-анамызды ренжіткен болсақ, қазірден бастап, разалығын алайық. Егер ол кісілер о дүниелік болған болса, ата-анамыз үшін дұға жасап, кешірім сұрайық.

Егер, туған-туысқандарымен қарым-қатынасын үзгендер болса, ұялы телефонмен болса да кешірім сұрап, татуласуы қажет. Алла Тағаланың тыйым салған арағына құмар адам болса, тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрауы ләзім. Ренжіткен адамдар да бір-бірінен кешірім сұрауы керек.

Алла Тағала баршамызға Қадір түнін игілікпен өткізуді нәсіп еткей!

 

Мейрамбек ӘБДІРАХМАН, «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ОРАЛДЫҚТАРҒА РИЗАМЫЗ
20 Қараша 2019
38 0
Қоғам
БАЛАБАҚША НЕГЕ АШЫЛМАДЫ
20 Қараша 2019
19 0
Дені сау ұлт
20 ноября – Всемирный день ребенка
20 Қараша 2019
11 0
Қалалықтар қаперіне
«БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ» шарасы өтеді
19 Қараша 2019
47 0
Өзек
АЯҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
18 Қараша 2019
155 0
Өзек
ДЖИППЕН КӨШЕДЕ ТАЙРАҢДАП…
18 Қараша 2019
81 0
Қалалықтар қаперіне
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БОЛСА…
18 Қараша 2019
43 0
Дені сау ұлт
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
18 Қараша 2019
61 0
Өзек
СУДЫҢ ҚАТУЫ БАСТАЛДЫ
18 Қараша 2019
43 0
Қоғам
БАС ИМАМ БӨРЛІ АУДАНЫНДА
18 Қараша 2019
71 0
Жалын
ОРАЛДА ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
15 Қараша 2019
136 0
Қоғам
№52 МЕКТЕПТІҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫН ТҰР
15 Қараша 2019
141 0
Қалалықтар қаперіне
«Darmen» ҚОСЫМШАСЫН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ
14 Қараша 2019
82 0
Өзек
89 КӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ
13 Қараша 2019
69 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»