ТҮЛЕКТЕР АТТЕСТАТ АЛУҒА МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАТЫСАДЫ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Сәрсенғалиева «Карантин режиміне байланысты оқу жылының аяқталу шараларына қойылатын талаптар және білім саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер» туралы айтып берді.

Гүлнәр Ақмырзақызы атап өткендей, 3-4 маусымда санитарлық эпидемиялық талаптарды сақтай отырып, 11-сынып бітірушілеріне аттестат табыс ету шарасы өткізіледі. Шара кезінде мектеп бітірушілердің, педагогтердің, ата-аналардың денсаулығын, өмірін сақтау, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында құрметті қонақтар шақырылмайды. 2 ата-анадан артығы қатыспағаны жөн.
– Әр бітіруші сыныптарда шара сыртта мектеп аумағында өтеді. Мектеп бітірушілер мектеп формасында болады. Әр қатысушы арасында дистанция 1,5 – 2 метр арақашығы және бетперде тағу тәртібі сақталуы тиіс. Шараның өтуіне қатысты бірнеше ұсынбалар берілді. Яғни бітіруші сыныптар шараларының арасы 20 минуттан кем болмайды, ата-аналар мен оқушылардың қиылыспауы керек. Шараға оқушылар мектеп формасымен қатысады. Сондықтан ата-аналарға сәнді киім іздеудің қажеті жоқ, – деді Гүлнәр Сәрсенғалиева.
Маңызды ақпарат – мектепке, педагогтерге, мектеп әкімшілігіне сыйлықтар беруге; аниматорларды, жеке студияларды жалдауға; тойлауға, мерекелік дастархан жаюға, автокөлік жалдап саяхаттар жасауға, мейрамханалар мен кафелерде атап өтуге жол берілмейді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде

Кіру
Пікір үстеу