Құтқарушы «Мари»
Иттің адамның айнымас серігі екенін дәлелдеп жүргендердің бірі – «Мари» атты құтқарушы ит. Өткен жылы ол он екі іздестіру-құтқару жұмысына қатысып, тоғызын сәтті атқарып шыққан. БҚО төтенше жаңдайлар департаменті жедел құтқару жасағының төрт аяқты құтқарушысы туралы бас құтқарушы-кинолог Ерлан Ермеғалиев айтып берді.
Бүгінде жасақ құрамында төрт ит бар. Мариден басқа үш күшік құтқару-іздестіру жұмыстарына үйретілуде. Ал Мари осыдан төрт жыл бұрын жасаққа алыныпты. Лабрадор ретривер тұқымдасына жататын ит қызметке алына сала өжеттігімен көзге түскен. Жыл сайынғы аттестациядан да сүрінген сәті болмапты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына әр кез дайын.
– Төрт жыл ішінде 50-60 шақырту алған болсақ, соның денін Маридің көмегімен атқардық. Өткен жылы Круглоозерный ауылынан бүлдірген теруге шыққан ата мен әже төрт немересімен бірге тоғай ішінен адасып, бағыттарынан айырылып қалған болатын. Немерелерінің үлкені алтыда болса, кішісі бір жарым жасар ғана. Сол бір үйлі жанұяны Мари тауып, көмектесті. Сондай-ақ былтырғы жылдың күзінде Рыбцех ауылынан Жазираға дейін жаяу бармақ болып, адасқан екі бүлдіршін де Маридың арқасында ата-аналарымен қауышты. Рыбцехтағы қыраттан тура қарағанда жақын көрінгенімен, екі аралық сай-салаға толы, орманды, қалың шөпті алқап. Ал 12 және 6 жасар балалар әкелеріне бару үшін рұқсатсыз шығып кеткен екен. Маридің мұндай табыстары көп. Аттестациялау сынағына да сеніммен барамын,– дейді Ерлан Балқашұлы.
Ерланның кинолог мамандығын игергеніне 15 жылдай уақыт өткен. Әскер қатарынан оралған соң кинологиялық жұмысты іздеп, осы саладағы қызметке арнайы келіпті. Алғашқы Зест атты итпен жұмыс жасаған. 10 жыл құтқару жұмысына қатысқан Зест қазір демалыста. Айтуынша, иттердің қызмет етуіне сегіз жыл уақыт беріледі. Бұдан кейінгі қызметке жарамдылығы қабілетіне қарай анықталады.
Құтқарушы иттер тәуліктің әр мезгілінде шақыртуға әзір болуы керек. Сол себепті кинологтар иттермен күнделікті жаттығуларын жүргізіп, физикалық дайындықтарын пысықтап отырады.
– Құтқару қызметі саласындағы иттерді үйрету басқа саладағы қызметтік иттерді дайындауға қарағанда күрделірек. Өйткені олар иттерге белгілі бір иісті беріп сол бойынша іздеу жүргізеді. Ал біздің салада жоғалғандар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір адамды іздегенімізбен, жолда басқа да адасқандарды кездестіруіміз ықтимал. Сондықтан құтқарушы иттер жалпы адамның иісі бойынша барлау жүргізеді, – дейді кинолог.
Құтқару-іздестіру жұмыстарын иттермен жүргізу елімізде егемендік алғаннан кейін енгізілген. Бұл Еуропа елдерінен алынған тәжірибе. Салаға итті қабылдауда оның арғы тегінде қабағандық қасиеттің болмауы маңызды. Себебі бағдардан адасып, бойын қорқыныш билеген адамды ит қорқытып алмауы керек. Лабрадор тұқымдастары осы талапқа сай келеді. Кез келген адамды досындай көреді және оғаш қылық көрсетпейді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу