8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2021 1525 0
Өзек

СУ ЖАҢА ЖЕТІ АККУМУЛЯТОР ҚОЛДЫ БОЛДЫ

Оралдық полицейлер қылмысты бір тәулікте ашты.


3 ақпан күні шамамен сағат 03.00 мен 04.00 аралығында белгісіз тұлға Орал қаласы, Штыба көшесіндегі бір дүкен есігінің аспалы құлыптарын бұзып кіріп, дүкеннен су жаңа 4 аккумуляторды ұрлап шыққан. Дүкен иесі С.есімді 1971 жылғы азаматқа 100 мың теңгеден аса материалдық залал келді. Таңертең дүкеніне иесі есік құлыптарының бұзылғанын көріп, дереу Орал қалалық Полиция басқармасына  телефон шалады.

Оқиға орнына барған криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктінің ізіне түсіп, жедел іздестіру жұмыстарын қолға алды. Жедел уәкілдердің ептілігі мен қырағылықтары күдіктінің адымын алысқа ұзатпады. Дәл осы күні аккумуляторларды ұрлағыш 2002 жылғы С. есімді тұлғаны құрықтады. Полиция қызметкерлері күдіктіні басқармаға жеткізгенде ұрлағанын толықтай мойындады және жалпы 7 аккумуляторды үптеп кеткенін айтқан. Бұған дейін де кісі тонап, алаяқтыққа жол бергені анықталуда.

Қазіргі таңда күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері басталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»