Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Көптен асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Ал жазғы демалысты су айдынындағы су бүрку және ойын-сауықсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан демалыс қауіпсіз әрі көңілді өтуі үшін суға түсу кезіндегі қарапайым ережелерді ұстаған жөн.

Су қалай десек те қауіпті. Өзенде қатты ағыс немесе шұғыл жарқабақ кездесіп, адам аяғына балдырлар оралып немесе күн өтіп басты күйдіріп жіберуі мүмкін. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, сіз әрқашан судағы демалысыңызда ешқандай қауіп-қатерсіз жайбарақат өткізе аласыз. Сіздердің кейбіреуіңіз жүзу білесіз, алайда бұл сіздің басыңызға қауіп төнбейтінін білдірмейді. Ең бастысы барлық жағдайда ересектердің айтқанын тыңдауды естен шығармаңыз, себебі сіздерді бірінші кезекте қамқорлайтын сол адамдар!
Жағажайда бас киім кию қажет, әйтпесе күн өтуі мүмкін. Жағажайға ата-анаңызсыз немесе ересек аға-апаларыңызсыз бармаңыз. Бір жаққа баратын болсаңыз оларға айтып ескертіңіз. Бұталары мен балдырлары көп және суға апарар жақсы жолы жоқ орындарда суға түспеңіз. Белгісіз орындарда суға сүңгімеңіз және секірмеңіз – ол жерлерде көзге көріне қоймайтын суда өсетін бұталар мен тастар болуы мүмкін. Су астында ұзақ сүңгумен және қармаумен байланысты ойындарды суда ойнамаңыз.
Тереңге бармаңыз – аяқтар әрқашан судың түбіне жетіп тұру тиіс. Бір-біріңізді суға батырмаңыз!
Кездейсоқ судың тереңіне құлап кетуі мүмкін болатын орындарға жақын тұрған суда ойнамаңыз.
Егер ешқандай жағдай болмаса, әзілдеп көмекке шақыруға болмайды. Бірінші шақырғанда ересектер жүгіріп келіп, ал іс насырға шапқан кездегі екінші шақыруыңызға сенбей, келмеуі мүмкін.
Егер жүзу білмесеңіз, міндетті түрде құтқару жилетін киіңіз немесе құтқару шеңберімен (дөңгелегімен) жүзіңіз. Бұл кезде де жинақы болыңыз – ағыс сізді тереңге алып, ал құтқару құралы ұшып кетуі мүмкін.
Қайықта серуендеген кезде бортқа жалғыз отырмаңыз және оны теңселтпеңіз, себебі қайық аударылып кетуі мүмкін. Қайықтан суға секіріп сүңгімеңіз және бір қайықтан екіншісіне секірмеңіз.
Қайықпен серуендемес бұрын онда барлық заттардың барына көз жеткізіңіз (бақыраш, ескектер, құтқару шеңбері (дөңгелегі). Қайыққа артық (шамадан тыс) жүк тиемеңіз.
Ольга Протопопова, Орал қ. ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу