8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2018 2319 0
Қалалықтар қаперіне

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына БҚО әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Сондай-ақ өңір басшысы оқу ордасының 1 курс студенттеріне «Білімге талпыныс – жетістіктің негізгі кілті» тақырыбында қоғамдық дәріс өткізді.

– Елбасымыз келесі жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылы жастарды мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ден қойылады. Ең басты қолдау – оқу, білім алуға, әр жастың өз біліктілігін жетілдіруге деген мүмкіндік. Президент Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылынан бастап білімге көңіл бөліп келеді. Білім іздеген жастардың «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік жасалды. Елімізде Назарбаев университеті ашылды. Назарбаев зияткерлік мектептері жұмыс жасауда. Лицейлер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» аясында биыл қосымша гранттар бөлінді. Бұл грантты иеленген жастар осы университетте де білім алуда. Қазір жаһандану заманы. Жаңа технологиялар күннен күнге қолданысқа енуде. Цифрландыруға байланысты көптеген жұмыс орындары қысқартылады. Ол қазірдің өзінде өндіріс орындарында байқалуда. Мәселен, құрылыс материалдарын шығаратын «Агран» фирмасында бұрын 60-70 адам жұмыс жасаған болса,  қазір дәл сонша адамның жасайтын жұмыс көлемін сегіз қызметкер ғана атқарады. Өйткені барлық жұмыс автоматтандырылған. Бұл құрал-жабдықпен жұмыс жасайтын білікті мамандар ғана бәсекеге қабілетті бола алатынын көрсетеді. Әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына білімімізбен ғана жете аламыз. Осы ретте жаңадан ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығы жастарға қосымша қолдау болып, қызмет сапасы артады деп сенеміз,  – деді Алтай Сейдірұлы.

Жаңа орталық «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен ашылып отыр. Мұнда анықтамалар мен транскрипттер, диплом түпнұсқаларын беру, білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, гранттар мен шәкіртақыларға өтініштерді қабылдау, оқу ақысын нақтылау, ауысулар, қайта қабылдау, академиялық демалыс пен оқудан шығу мәселелері және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу бойынша жалпы 35 қызмет түрі көрсетіледі. Әрі «бір терезе» қағидасы бойынша уақытылы және сапалы қызмет көрсету назарда болмақ. Яғни бұл орталық қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартып, «адам факторы» мен оларға байланысты қателердің азаюына ықпал етпек. Сәйкесінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмейді. Оқу үрдісінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етіледі.

Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Жанна Құбашеваның айтуынша, орталық үш құрылымнан тұрады: оқытушылардың жүктемесін жоспарлау, студенттерге қызмет көрсету және оқу кестесін құру. Бес факультеттің әрқайсысына арнайы терезе жасақталған. Студенттерге қызмет көрсету бөлімінде сегіз маман жұмыс жасайды.

– Мамандар қазір «Platonus» бағдарламасымен жұмыс жасауда. 1 қарашадан бастап жаңа жұмыс бағдарламасына көшіріледі. Ол кезде студенттер қажетті анықтамаға онлайн режимінде сұраныс бере алады. Инспекторларлар анықтаманы дайындап, өтініш берушінің электронды поштасына жолдайтын болады, – дейді Жанна Қайыржанқызы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
44 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
261 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
754 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1131 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1063 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1491 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2107 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2274 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2280 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2329 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2335 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1978 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2814 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2871 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2864 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3474 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3446 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3432 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3410 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3620 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»