СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына БҚО әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Сондай-ақ өңір басшысы оқу ордасының 1 курс студенттеріне «Білімге талпыныс – жетістіктің негізгі кілті» тақырыбында қоғамдық дәріс өткізді.

– Елбасымыз келесі жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылы жастарды мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ден қойылады. Ең басты қолдау – оқу, білім алуға, әр жастың өз біліктілігін жетілдіруге деген мүмкіндік. Президент Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылынан бастап білімге көңіл бөліп келеді. Білім іздеген жастардың «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік жасалды. Елімізде Назарбаев университеті ашылды. Назарбаев зияткерлік мектептері жұмыс жасауда. Лицейлер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» аясында биыл қосымша гранттар бөлінді. Бұл грантты иеленген жастар осы университетте де білім алуда. Қазір жаһандану заманы. Жаңа технологиялар күннен күнге қолданысқа енуде. Цифрландыруға байланысты көптеген жұмыс орындары қысқартылады. Ол қазірдің өзінде өндіріс орындарында байқалуда. Мәселен, құрылыс материалдарын шығаратын «Агран» фирмасында бұрын 60-70 адам жұмыс жасаған болса, қазір дәл сонша адамның жасайтын жұмыс көлемін сегіз қызметкер ғана атқарады. Өйткені барлық жұмыс автоматтандырылған. Бұл құрал-жабдықпен жұмыс жасайтын білікті мамандар ғана бәсекеге қабілетті бола алатынын көрсетеді. Әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына білімімізбен ғана жете аламыз. Осы ретте жаңадан ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығы жастарға қосымша қолдау болып, қызмет сапасы артады деп сенеміз, – деді Алтай Сейдірұлы.

Жаңа орталық «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен ашылып отыр. Мұнда анықтамалар мен транскрипттер, диплом түпнұсқаларын беру, білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, гранттар мен шәкіртақыларға өтініштерді қабылдау, оқу ақысын нақтылау, ауысулар, қайта қабылдау, академиялық демалыс пен оқудан шығу мәселелері және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу бойынша жалпы 35 қызмет түрі көрсетіледі. Әрі «бір терезе» қағидасы бойынша уақытылы және сапалы қызмет көрсету назарда болмақ. Яғни бұл орталық қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартып, «адам факторы» мен оларға байланысты қателердің азаюына ықпал етпек. Сәйкесінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмейді. Оқу үрдісінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етіледі.
Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Жанна Құбашеваның айтуынша, орталық үш құрылымнан тұрады: оқытушылардың жүктемесін жоспарлау, студенттерге қызмет көрсету және оқу кестесін құру. Бес факультеттің әрқайсысына арнайы терезе жасақталған. Студенттерге қызмет көрсету бөлімінде сегіз маман жұмыс жасайды.
– Мамандар қазір «Platonus» бағдарламасымен жұмыс жасауда. 1 қарашадан бастап жаңа жұмыс бағдарламасына көшіріледі. Ол кезде студенттер қажетті анықтамаға онлайн режимінде сұраныс бере алады. Инспекторларлар анықтаманы дайындап, өтініш берушінің электронды поштасына жолдайтын болады, – дейді Жанна Қайыржанқызы.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа
Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Кіру
Пікір үстеу