8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2019 1583 0
Спорт

СПОРТ НЫСАНЫ ҚАРАШАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

        БҚО-дағы жас спортшыларға арналған мектеп интернат құрылысы қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінде нысанның құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған.


         Нысанның іргетасы 2017 жылы құйылған болатын. Аталған спорт кешенінің құрылысын «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Мектепке қоса бұл орында  жатақхана  бой көтерген. Кешенде дайындық залы, күрес залы мен волейбол, баскетбол, гандбол ойындарына арналған үш зал бар. Және халықаралық стандарттарға сай футбол алаңы да жасақталған.  Деркөлдегі спорттық кешен жұмысына  80 жұмысшы тартылған. Учаскеге жауапты басшы Максим Азаровтың берген ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда  жұмыс өз деңгейінде жүріп жатыр. –  Монтаждау жұмыстары аяқтала келді. Асхана мен жаттығу залдарына қажетті құрылғылар орнатылуда. Сонымен қатар  кешенде ішкі әрлеу жұмыстары тәмамдала келді, – деді Максим Азаров. Спорт мектебінде 7-11 сынып аралығындағы дарынды балалар қабылданады деп күтілуде. Әр сыныпта 24 жас спортшы білім алмақ.  Мектеп интернаты 2  ауысымда 500 баланы қабылдайтын болса,  аудандардан келіп оқитын  150 бала жатаханаға орналастырылмақ. Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-интернаты директорының орынбасары Асхат Шакировтың айтуынша, қазір  спорт мектебіндегі оқушылар 14 түрлі спортпен шаһардың әр жеріндегі шағын  залдарға екі автобуспен қатынап   жүр. Бұл нысандар пайдалануға берілген жағдайда 12 мыңнан астам тұрғынның   салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
254 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
592 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
308 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»