8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2019 2964 0
Қоғам

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен сот жүйесінің ардагері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы,  «Үш би», «Судьялар Одағының құрметті мүшесі»,  Қазақстан Республикасының «Құрметті судьясы», Мінсіз қызметі үшін III, II дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі, ҚР ЖС Құрмет грамотасы атақтарының және т.б. марапаттардың  иегері  Ғалихан Айдынғалиұлы Бапаховпен кездесу өтті.

 

Іс-шара Ғ.Бапаховтың облыстық соттың судьялық корпусы және облыс судьяларымен кездесуімен басталды. Облыстық сот  төрағасы Бек Әметов ардагерді облыстық сот ғимаратымен таныстырып, облыстың сот жүйесінде атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ардагері Ғалихан Бапаховқа Жәнібек ауданының құрметті азаматы атағы табыс етілді. Атақты Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев табыстады.

Отставкадағы судья өзінің Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында судьялық қызметті бастаған уақыты туралы әңгімеледі. Өткен жылдардағы сот саласының жұмысы мен бүгінгі  сот жүйесіндегі жетістіктерді салыстырды.  «Өз бойындағы талабына қарамай әр адам үнемі өз білімін шыңдауға тырысуы тиіс. Заңнамаларды білумен қатар компьютерлік біліктілікті арттыруға, тіл меңгеруге, рухани жаңғыруға ұмтылу керек»,-деп атап өтті Ғалихан Айдынғалиұлы.

Бұған қоса, ардагер өзінің сот саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас судьяларға ақыл-кеңесін айтты. Іс-шара сот саласы қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты.

Кездесу соңында Ғ.Бапахов іс-шараның ұйымдастырушыларына зор алғысын білдіріп, шығармашылық табыс, қызметтеріне жетістік тіледі.

 

Нұргүл Қанатбаева, Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»