8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 3999 0
Қоғам

СОТ ШЕШІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (АПК) 21-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы сот азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды.

Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.

Сондай-ақ сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.

Сот шешімі – істі мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы соттың сот актісі. Сот шешімі іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылады. Алайда, түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалады.

Сот шешімінің заңды күші мемлекеттің, ұйымдардың, азаматтырдың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың конструктивті механизмі болып табылады. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, оған шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Ал жарияланған күнінен бастап күшіне енетін сот шешімдерінің қатарына:

  • қаржы ұйымдарын, банк конгломератына бас ұйым түрінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот шешiмі;
  • азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы соттың шешімі;
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы;
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бір тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын шешімдер жатады.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша АПК-ке байланысты қысқаша шешім шығарылады. Жауапкер қысқаша шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған жағдайда, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда арыз бере алады.

Тараптар апелляциялық шағымды, прокурор өтінішхаты,  шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде бере алады.

Апелляциялық шағым берілген немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген кезде шешім, егер оның күші жойылмаса немесе ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жария етілген уақыттан бастап заңды күшіне енеді.

Шешімнің заңды күшіне енуінің маңыздылығы, ол шешімнің дәлділігінің, міндеттілігінің және орындалуының кепілі.

А.Т.Қайроллиева, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы                                  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
55 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
400 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
494 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
737 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1005 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1232 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1270 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1421 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1617 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1846 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1932 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2044 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2049 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2083 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2083 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2189 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»