СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
Қараша айының соңғы күндерінде Орал қаласы аумағында көлікті айдап кетуге қатысты 2 факті тіркелді. Бірінші көлікті айдап кету фактісі кезінде екі жігіт «Жұлдыз» шағын ауданындағы бір көлік иесіне физикалық күш көрсетіп, тапа-тал түсте ойдай соққыға жығып, иелігіндегі көлігін тартып алған. Бейтаныс адамдардан оңбай таяқ жеген азамат Орал қаласының полиция басқармасына хабарласты. Оқиға туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жедел мәліметті қабылдаған басқарма басшылары «Тосқауыл» операциясын іске қосты. Жеке құрам іздестіру іс-шарасын дереу қолға алды. Бұл уақытта Б.есімді 1999 жылғы және Д. есімді 1999 жылғы жас жігіттер оңай жолмен олжалаған көлікпен бір күнде Атырау қаласына зулап жеткен. Атырау қаласына апарып, бөлшектеп сатпақ жымысқы ойлары болған. Осылайша әуелі қарақшылық шабуыл жасап, көлік иесін соққыға жығып, жұдырықтың астына алған 2 күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады. Жедел уәкілдер көлікті олардан тәркілеп, басқармаға жеткізді. Күдіктілер жуып-тазалап сатуға дайындаған, бірақ, сатып үлгере алмаған.
Қолды болған екінші көлік Орал қаласы аумағынан табылды. Бұл күдікті ұсталғанда 8 көлікті қуып айдап кеткенін мойындады. Соңғы көліктің есігіне кілттерді үйлестіріп ашып, айдап кеткен. Көліктің аккумуляторын, жөндеу кілттерін, өзге де жеке мүліктерді ұрлаған. Күдікті айдап кеткен «Ваз» маркалы көлікті көзден таса орынға тығып қойған екен. Көлік жасырылған мекенжайға барған сақшылар жоғалған көлікті бірден танып, басқармаға жеткізді. Жуықта екі көлік иесіне қайтарылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 бабының 3 тармағымен, 188 баптың 3 тармағымен қылмыстық істер тергелуде. Көлікті тізгіндеп, айдап кеткен күдіктілер Орал қ.ПБ- ның уақыт ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Басқарманың баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлованың айтуынша, жыл басынан бері Орал қаласы аумағында 87 көлік айдап кету фактісі тіркеліп, төртеуі ғана ашылмады. Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жалғастыруда. 2019 жылдың есепті мерзімінде, яғни 11 айында 63 көлік қуып кету фактісі орын алған.
Деректерге сүйенсек, әсіресе, «Ваз», «Пассат» , «Аудио» маркалы көліктер жиі қуылып кетеді екен. Себебі, есіктеріне кілттерді үйлестіріп ашу өте жеңіл әрі ыңғайлы екенін мамандар жасырмайды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу