8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2021 8426 0
Жалын

ӘСКЕРИЛЕР СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

Оралда №5517 әскери бөлімінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қорытынды тексерісті тапсырды. Оған лауазымы мен әскери атағына қарамастан бөлімнің барлық әскери қызметшілері қатысты. Сынақты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының орынбасары – полковник Павел Ситниковтың басшылық етуімен арнайы құрылған комиссия қабылдады.

Қорытынды тексерудің мақсаты – әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және жауынгерлік оқу-жаттығу қызметін ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін, әдістерін жетілдіруде іс жүзінде қолдау көрсету.

Кестеге сәйкес әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, кәсіптік, арнайы, дене шынықтыру және атыс даярлықтары бойынша сынақтарды тапсырды. Сонымен қатар олар жалпы әскери жарғылар мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтер туралы өз білімдерін көрсетті.

Әсіресе, ұландықтар 100 метрге және 1,3 мың километрге жүгіру және жас ерекшеліктеріне қарай белтемірге тартылды. Әскери қызметшілердің ерік – жігері және үнемі дене шынықтырумен айналысудың арқасында әскери бөлім жеке құрамы барлық жаттығу түрлерінен жақсы деген баға алды. Комиссия  мүшесі  майор  Бақтияр әскери бөлімнің дене дайындығына, жеке құрамның талпынысына ризашылығын жасырмады.

-Бүгінгі тексеріс негізінен әскери қызметшілердің әскери дайындығын бағамдауға бағытталған. Жауынгерліқ дайындық деп отырғанымыз, олардың сыртқы түр-келбеті, киімі, жабдықталуы, барлық қажетті құжаттарының болуы және біліктілігі мен білімі өз деңгейінде екеніне көз жеткізу. Батыр Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды!» деген болатын. Сондықтан, әскердің темірдей тәртібіне бағына отырып, білімімен, білігімен, дене тәрбиесі дайындығымен, мергендігімен ерекшеленген жауынгерлер де  «өте жақсы» және «жақсы» деген бағаларға қолжеткізді, – деді  5517 әскери бөлімнің командирі подполковник Сағындық  Алқайдаров.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Павел Ситниковтің айтуынша, барлық әскери қызметкерлер жоғары шеберліктерін көрсетіп, сынақты жақсы тапсырды.

Қорытынды тексеру жыл сайын оқу жылының соңында барлық әскери бөлімдерде өткізілетінін және әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсететін білім деңгейін бақылау бөлігі болып табылатынын айта кеткен жөн.

 

 капитан Ертуған Әубакир,

Орал.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
90 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
142 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
307 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
500 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
743 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
821 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
930 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
937 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
961 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
974 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1077 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1297 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1613 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1496 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1605 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1595 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1727 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1771 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1717 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1727 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»