ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ
Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №491 «2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қаулысына сәйкес, Орал қаласы бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін 18-27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Отан қорғауға аттанатын жастар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Орал қаласы әкімінің азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында бекітілген жоспарына сәйкес, қыркүйек айының 2-3 күндері тұрғылықты мекен жайлары өзгерген әскер жасындағы азаматтарды іздестіру бойынша Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастауымен Орал қаласының ішкі істер басқармасының бірігіп «Призывник» жедел алдын алу шарасы жүргізіледі. Жедел алдын алу шарасына 20 әскери қызметшілер және 20 учаскелік инспекторлары тартылды. Шара барысында 20 бекітілген аймақ бойынша лауазымды тұлғалар әскер жасындағы азаматтарға шақыру қағаздарын үлестіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы #561-IV «Әскери қызмет әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 30 бабына «Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері» сәйкес, шақыру қағазын алған азаматтар әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті
Әскери қызмет Отанымызды сүюге және туған жеріміздің тұтастығын сақтауға, оны қорғауға үйретерін естен шығармайық!
Барлық сұрақтар бойынша Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарласуыңызға болады. Мекенжайы: Орал қаласы, Абай даңғылы 100, тел: 8 711 2 53 86 60
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу