СІЗГЕ ӨЗІҢІЗ ӨТПЕГЕН ҚАБЫЛДАУ НЕМЕСЕ ТЕКСЕРУ ЖАЗЫЛҒАН БА?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішіңізді қалдырыңыз.
Денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығы мен байланыс арналарының дамуы пациенттер үшін олар алған медициналық қызметтер бойынша кері байланыс беруге және олардың сапасына ғана емес, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен клиниканың қызметіне де баға беруге, ал медициналық сақтандыру қорына уақтылы әрі пәрменді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Осы пациенттермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы біз пациенттердің медициналық мәліметтеріндегі сәйкессіздіктерді, дәлірек айтқанда, жалған қосып жазу фактілерін анықтаймыз.
Әрбір жағдай бойынша мұқият тексеру жүргізіледі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен медициналық көмек көрсетуді тіркеу фактілері расталған жағдайда, жасалған шартқа сәйкес медициналық қызмет көрсетушілерге айыппұл санкциялары қабылданады.
Өздерінің медициналық жазбаларында қосып жазу фактілері анықталған жағдайда, пациенттер медициналық ақпараттық жүйелердің (МАЖ) мобильді қосымшаларында пікір қалдыра алады, 24/7 Qoldau мобильді қосымшасы, 1406 қысқа нөмірі арқылы немесе әлеуметтік желілерде медициналық сақтандыру қорына жүгінуге мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 айында 1406 байланыс орталығы 735,7 мың өтінішті өңдеді. Оның ішінде 572 өтініш медициналық ақпараттық жүйелердегі жалған ақпаратқа немесе қосып жазу деректері бойынша келіп түскен – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу