8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2019 2353 0
Қоғам

Ширек ғасыр – ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Таяуда Қадыр орталығында «Елеулі есімдер» жобасы шеңберінде еліміздің білімді жастарын тәрбиелеудің білікті маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Нәсіпқали Дәулетовпен «Ұстаз ұлағаты» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Нәсіпқали Дәулетұлының облысымыздың мақтанышына айналған дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейін 25 жыл басқарып, мыңдаған шәкірттің болашағына бағыт-бағдар берудегі еңбегі өлшеусіз. Кешті аталмыш мектептің түлегі, бүгінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев ашып, ұстазына игі тілегін жеткізді.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Қалада педлицей ашылады» дегенді естіп, ауыл балаларымен бірге ата-анамызға «Оқуды қалада жалғастырсақ» деген ұсыныс айттық. Ол кездері үлкен қалалар түгілі, Оралға келіп-кетудің өзі оңай емес еді. Соған қарамастан, алдымызда не күтіп тұрғанын білмесек те, қалаға келуге талпындық. Қалаға келген соң, мұндағы тірлікке бірден үйреніп кету де қиындау болды. Осы кезде біз Нәсіпқали ағаның қатал тәртібін көріп өстік. Ағай ұстаздығынан бөлек, талапшыл, тәртіпке өте қатты мән беретін адам. Мектеп кезінде түрлі қызықтар көп болды. Кейде шақырып алып ұрсып, өзімізге жауапкершілік жүктейтін. Сол кездері «Неге бізді кітаптан бас көтертпей оқытып, ұрыса береді? Өзіміздей балалар сыртта ойнап жүргенде, біз іште қамалып отырамыз» деп іштей ағайға ренжитінбіз. Бірақ ұстазымыздың темірдей тәртібі мен берген білімі өмір жолында көп көмектесті. Нәсіпқали ағайдың шәкірттері тек еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр, – деп балалық шақтың естелігімен бөліскен Қадырболат Мұсағалиев кеш иесіне құттықтау хаты мен сыйлығын табыстады. Кеш кейіпкерінің ұстаздық келбеті шәкірті Д.Танзеновтың, басшылық қабілеті әріптесі А.Алмұқановтың, адами қасиеті М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Жақсығалиевтың, ғылымдағы орны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Сафуллиннің сөздері арқылы ашылды. Ұлағатты ұстаздың саналы ғұмыры, білім-тәрбие беру ісіне арнаған жанкешті еңбегі мен парасат-пайымы кейінгі жастарға өнеге екені даусыз.
Айта кету керек, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты Нәсіпқали Дәулетұлы басшылық еткен 25 жылдық тарихында дарынды және талантты балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде сапалы нәтиже көрсетіп, сол еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Мектеп «Жұлдыз Сапа» Ұлттық сапа рейтингісінің нәтижесінде «Жылдың үздік ұйымы», «Жұлдыз Сапа» Алтын жұлдызы мен Алтын Кубогінің иегері атанды. 2014 жылы дарынды балалар мектебі ҚР Білім және ғылым министрлігінің рейтингісі бойынша негізгі және орта білім беру үздік ұйымдарының қатарына еніп, жалпы мемлекеттік ұйымдардың рейтингісі бо-йынша республиканың «Үздік мемлекеттік ұйым – 2014» аталымына, аталмыш мектептің директоры Н.Дәулетов «Үздік мемлекеттік қызметкер» атағына ие болды. 2015 жылы «Сала көшбасшысы» орденімен марапатталып, сертификатқа ие болды.
Мектеп басшысы Нәсіпқали Дәулетов 1993 жылдан үздіксіз осы білім ұясының директоры болды. Педагогикалық ғылымдардың кандидаты, профессор. Білім, тәрбие проблемаларына арналған 70-тен астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың, «Университет базасында дарынды балаларға білім берудің педагогикалық негіздері» (Астана, 2006 ж.), «Дарынды балаларға сапалы білім берудің инновациялық негіздері» (Орал, 2009 ж.), «Дарынды жастар – ел болашағы» (Орал, 2012 ж.) атты кітаптардың авторы. Осы саладағы жетістіктері үшін марапаттары да жетерлік. 1995 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медалін алса, 1997 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, 2012 жылы «Ең үздік мектеп директоры», 2005 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 2006 жылы «Ең таңдаулы директоры» атанды. Ал 2009 жылы Құрмет орденімен, 2014 жылы Еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкер орденімен марапатталған. Облыстық дарынды балалар мектебінің елдің элитасын қалыптастыруда атқарған еңбегі өлшеусіз.

Гүлназым ЖАҚСЫЛЫҚ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
321 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
422 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
665 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
932 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1157 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1196 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1349 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1542 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1773 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1861 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1973 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1977 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2011 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2011 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2118 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2338 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»