8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Сәуір 2019 2894 0
Қоғам

ӘШІРДІҢ ӘНДЕРІН ӘУЕЛЕТТІ

12 сәуір күні Орал қаласы «Nur Otan» залында Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы ІІ республикалық вокалистер конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау шарасы композитордың зайыбы, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Көктем келді өлеңдетіп» атты концертімен жалғасты.

Әнші, композитор Әшір Молдағайынов  өмірінің соңына дейін қазақ музыка өнерін насихаттауда абыройлы қызмет атқарды. 1993 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияға әнші болып орналасқан өнер иесінің Батыс Қазақстан өңірі мәдениетінің көркеюіне де қосқан үлесі зор. Әшір ағамыз көшбасшы, көркемдік жетекші ретінде Ақ Жайықтың ән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бүгінде оның 300-дей туындысы белгілі болса, бірқатары Жайық жерінде дүниеге келген. Бұл ретте «Жайық таңы» және «Нарын гүлі» атты симфониялық поэмаларын ерекше атап өтуге болады. Сонымен бірге Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Ақұштап Бақтыгереева, Жанғали  Набиуллин, Айтқали Нәріков, Ғайсағали Сейтақ және Ботагөз Баймұқанованың поэзиясы оның шығармашылық шабытына дем беріп, қырықтан аса ән мен романс жазылды.

Әнші-композитордың есімін ұлықтау, шығармашылығын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өзі еңбек еткен киелі шаңырақ Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы 2017 жылы Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасында республикалық вокалистер конкурсын ұйымдастыруды қолға алған болатын. Араға екі жыл салып, биыл екінші мәрте республиканың әр түкпірінен жиналған 18 үміткер Жайық жерінде бас қосып, композитордың шығармаларын орындаудан бақтарын сынады. Қатысушылар XIX-ХХ ғасырлардағы Батыс Еуропалық, орыс, қазақ композиторлардың операсынан толық арияларын, Әшір ағамыздың романсын және шығармаларын әуелетті.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері жас ерекшеліктеріне қарай екі топ бойынша  анықталды.

Кіші топ, яғни 18-22 жас аралығында Жезқазған қаласынан келген Айбек Абдышимұлы бас жүлдені иеленді.
Бірінші орын ақтөбелік Нұржайнар Әбілхайыроваға, екінші орын Нұр-Сұлтан қаласынан Талғат Аллабiрiновке, үшінші орын шымкенттік Аян Төлеген мен атыраулық Әділ Сұлтанға берілді.

Үлкен топ, 23-27 жас аралығында Қызылорда қаласынан Гүлназ Нағашыбай – бірінші, Нұр-Сұлтан қаласынан Бибігүл Тыныштық – екінші, Орал қаласынан Ақбота Молдағайынова мен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Жадыра Абдуллаева – үшінші орынды иемденді.

Қызылорда қаласынан келген Руслан Рызманов, Түркістан қаласынан Мұхтар Ромашов, Семей қаласынан Думан Бақбергенов, Алматы қаласынан Жанна Тынқанова, Өскемен қаласынан Ботагөз Жұмабекова, алматылық Дияр Нұрсұлтанов дипломант атанды. Әділғазы Меңдіғали Алғыс хат және «Вокал Академиясы» РҚБ атынан арнайы жүлдеге ие болды.

Шараның одан әрі жалғастырған  өлкеміздің бұлбұл әншісі, табиғи талантымен талай жұртшылықты тамсандырған, ҚР Еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Көктем келді өлеңдетіп» концертін көпшілік көтеріңкі көңілмен тыңдап, зор құрмет-қошеметтерін көрсетті.

Кеште Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев Жұмағаным Әбдіхалыққызына облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Осы кешке қатысқан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, профессор Азамат Жылтыркөзов «Вокал Академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан алғыс xат ұсынды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
65 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
355 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
599 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
633 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
787 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
983 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1219 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1300 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1410 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1415 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1447 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1453 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1558 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1774 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2088 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1972 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2084 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»