8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Шілде 2021 1752 0
Қоғам

ШАРУАЛАР ЖАЙЫНА АЛАҢДАДЫ

             Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуде.

Бұл   жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады. Ағымдағы жылдың 12-16 шілде күндері Департамент қызметкерлері облыстың Жәнібек, Бөкейордасы және Жаңақала аудандарында іс-сапармен болды. Іс-сапар аясында шаруа қожалықтарымен кездесулер өткізіліп, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметтеріне мониторинг жүргізілуде. Шаруа қожалықтарымен кездесулер барысында күн панельіне қайта субсидия беру, ұңғыма құдықтарға 1000 гектарға дейін және бассейн құдықтарға, қырда тұрғын жайлар салуға субсидия беру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, жеңілдетілген бағамен дизель отынын жеткізу үшін ереженің қабылданбауына байланысты мәселелер туындады.

Департаментпен кешенді талдау аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, ауыл тұрғындарының арасында сауалнама өткізу және олардың проблемалық мәселелері негізінде арнайы өңірлік сұрақтардың тізілімі қалыптастырылды. Өңірлік арнайы проблемалық сұрақтардың тізіліміне ұсыныстарыңызды 8 775 300 02 14 телефон нөміріне немесе anticorruptionzko@mail.ru электронды поштасына жолдауларыңыз сұралады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»