ШАЛҚАРДЫҢ ЕРЛІГІН ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған Атырау қалалық патрульді полициясының сержанты Шалқар Ақымғалиевтің туған күні. Осы күнге орай Батыс Қазақстан облысы полицейлері азалы митингке жиналып, әріптестерін еске алды.

Иә, сол кештегі қатерлі оқиға болмаса Шалқар бүгін 25 жасқа толар еді. 21 наурыз күні кешкі сағат 21.52 шамасында орталықтағы көпірден Жайық өзеніне секірген қыз туралы хабар алған Шалқар Ақымғалиев алғашқылардың бірі болып оқиға орнына жеткен еді. Еш ойланбастан өз өмірін тәуекел еткен ол мұзды суға секіріп, әйелге дейін жүзіп жетті. Өзен суының салқындығына және ағынның қатты болуына қарамастан, Шалқар әйелді жағаға шығаруға тырысты. Әйелдің бөренені ұстап, жүзуіне көмектескенімен, өзі өзеннің түбіне кетті. Әріптестері қанша тырысса да Шалқарды құтқарудың мүмкіндігі болмады.
Полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев өз өмірін құрбан етіп, әйел адамды құтқарды.

«Шалқар Ақымғалиевтің ерлігінің алдында біз басымызды иеміз. Оның бейнесі біздің жүрегімізде сақталады» – деді митингке жиналғандар алдында полиция полковнигі Болатбек Белгібеков.
БҚО ПД полиция қызметкерлерінің қатарында қызмет атқаратын полиция лейтенанты Қанат Мұхамбетов Шалқар Ақымғалиевпен жақсы таныс болған. Олар ІІО қызметіне қабылданар алдында алғашқы дайындық курстарында бірге оқыған. Қанат Шалқардың белсенді, өмірсүйгіш және тәрбиелі азамат болғанын айтады.
Митингте БҚО ПД қызметкерлері Шалқар Ақымғалиевті бір минуттық үнсіздікпен еске алып, суретіне гүл шоқтарын қойды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу