8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2020 1367 0
Қоғам

«ШАҢЫРАҚ» ҮЙІНЕ ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

Медициналық масканың тапшылығына байланысты оралдық көпбалалы аналар үйден жеке қорғану құралдарын дайындауды бастады.

Бүгін «Тұғырым» қоғамдық бірлестігі мен Орал қаласы жастар ресурстық орталығының еріктілері бірнеше мәрте қолдануға болатын қорғану құралдарын «Шаңырақ жасөспірімдер үйінің тұрғындарына тегін таратты.

Ресурстық орталықтың бөлім басшысы Дулат Жүсіпқалиевтің мәліметінше, көпбалалы аналар бір күн ішінде 350 дана бетперде дайындаған.

– Елдегі жарияланған төтенше жағдайға орай Президентіміздің үндеуінде айтылған коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын күшейту жөніндегі тапсырманы оралдық волонтерлар ықыласпен орындауда. Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиын. Осындай қиын кезеңде белсенді көпбалалы аналар халықпен бірге болып, пайдалы іске жұмылып, қорғану құралын тігуде,  – дейді Дулат Жүсіпқалиев.

Айта кетейік, жасөспірімдер үйіне бетперделермен қатар антисептиктер үлестірілді.

Сондай-ақ жастар ресурстық орталығының волонтерлері көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы барып, жеке қорғану құралдарын таратпақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
55 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
103 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»