ШАҺАР БАСШЫСЫ МӘСКЕУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ» АТАНДЫ
Бүгін ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Сол бір күн…» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков, ардагерлер, оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.

Айта кету керек, дөңгелек үстелге Мәскеу халықаралық академиясының профессорлары, ғылым докторлары Терентий Ливиу мен Григорий Сподах арнайы қатысып, халықаралық қатынас орнатып, академиялық серіктес болуда жан-жақты қолдау көрсеткен «ҚазИИТУ» түлегі, техника ғылымдарының магистрі, қала әкімі Абат Шыныбековке Мәскеу халықаралық академиясының «Құрметті профессоры» дипломы мен медалін салтанатты түрде табыстады. Өз кезегінде Абат Абайұлы жиналғандарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтады. – Мерейлі мереке қарсаңында өңіріміздің іргелі оқу орны «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешеніндегі жас ұрпақ үшін мәні зор шара өтуде. Мұның барлығы – Елбасымыздың Тәуелсіздік алған кездегі сындарлы саясатының нәтижесінде жүзеге асырылуда. Елбасымыздың сарқылмас еңбегінің нәтижесінде әлемдік деңгейде лайықты орнымызды белгіледік. Әр қазақстандық әлемнің қай түкпірінде жүрсе де осы елде туғанына мақтанатындай дәрежеге жеттік. Бүгінгі жас ұрпақ осындай зәулім ғимаратта сапалы білім алуға мүмкіндік алды. Бүгінде ҚазИИТУ халықаралық деңгейдегі іргелі оқу орындарының біріне айналды. Мәскеу халықаралық академиясымен бірлесіп атқарып жатқан жобалары нәтижелі. Оқытушылар, магистранттар, студенттердің білімін түрлі деңгейде жетілдіруіне жағдай жасалған, – деген Абат Абайұлы екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық байланыс нығая беруін тіледі және осы орайда ғылыми-кешеннің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлының еңбегін жоғары бағалады.
Бұдан әрі шара барысында Елбасымен жүздескен, марапатын алған тұлғалар Тұңғыш Президенттің еліміздің дамуына қосқан үлесін, өнегелі өмір жолын, еңбек баспалдағын жастарға үлгі етіп, олардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятты. Жиынды ашқан «ҚазИИТУ» ректоры, профессор Әліби Баяхов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлін, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесін талқылады. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қазақстандықтардың санасында бір-бірімен сабақтасқан ұғымдар болып қалуы заңдылық. Бүгін біз тәуелсіздіктің табыстары мен еліміздің өткерген кезеңдері және бұл үдерістердегі Елбасының рөлі арасындағы диалектикалық өзара байланысты талқылауға жиналып отырмыз. Елбасының тұлғасы егеменді еліміздің барлық оқиғаларына өзінің зор қолтаңбасын қалдырды. Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, өз тарихын білетін, бүгінгісін бағалайтын ұрпақтың болашағы зор болады, – деген Әліби Науханұлы баршаны «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлының атынан айтулы мерекемен құттықтады. Шара барысында «Ару аналар» ансамблінің жетекшісі Клара Саржанова, «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Төлегенова, «ҚазИИТУ» жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Сайлау Сүлейменов, халықаралық деңгейдегі тренер Ақмарал Нұржанқызы, БҚО кәсіподақтар орталығының баспасөз хатшысы Зарина Амангелдіқызы Елбасымен кездескен кездегі ерекше сезімдерімен бөлісті. Мәселен, бірі Елбасымыздың балалық шағы жайлы айтса, енді бірі көшбасшымыздың осынау жетістікке жетер жолындағы ерен еңбектері жөнінде әңгіме өрбітті, халқына жолдаған салиқалы пікірлерін талқылады. Ал 1962 жылы Финляндияда өткен жастардың VІІІ дүниежүзілік фестивалінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жалынды сөз сөйлегенін, жерлестермен танысқандағы қарапайым болмысын «Ару аналар» ансамблінің жетекшісі Клара Бақтығалиқызы жас буынға нақты мысалдармен, дәлелді фотосуреттермен көрсетіп, әңгімеледі.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу