8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Тамыз 2019 2478 0
Қалалықтар қаперіне

ҮШ МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ ТАЛАПКЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚАЙТАДАН БӨЛІНЕДІ

Инженерлік, педагогикалық әрі жаратылыстану мамандықтарына 3 мыңнан астам білім гранты қайтадан бөлінеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті.

«Өкінішке қарай, грантқа ілінбеген талапкерлер бар. Өздеріңіз білесіздер, конкурсқа 64 мыңнан астам адам қатысты. Бірақ біз қазіргі кезде Үкімет қаулысына өзгерістер енгіземіз, содан кейін белгіленген тәртіп бойынша тиісті бағыттарға грантты беруді жалғастырамыз. Осы орайда 3 мың грант басымдықты бағыттар бойынша қайтадан тағайындалады», – деді вице-министр.

Бұл тұрғыда инженерлік, педагогикалық, жаратылыстану бағыттары қамтылады. Министрлік мәліметіне қарағанда, аталған 3 мың грант негізгі конкурстан (53 785 гранттың ішінде) игерілмей қалды. Кейбір мамандықтарға үміткерлер аз болғандықтан, осы гранттар бөлінбей қалды. Сондықтан осы үш мың грант талапкерлер арасында қайтадан бөлінеді. Осы аптада қаулы жобасы әзірленіп, оған тиісті өзгерістер енгізіліп, содан кейін жинаған ұпайларына қарай талапкерлер өздерінің гранттарын алады.

Айта кетейік, биыл кокурсқа 53 785 грант бөлінді, қатысушылардың саны 64 452 адам болды. Осы орайда бір грантқа орташа конкурс 1,29 адамды құрады.

ҚазАқпарат

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»